
20 Ақпан, 2020
1113
Қостанай: ҚХА мүшелері болашақ офицерлермен толеранттылық жайлы сөйлесті
Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері 6997 әскери бөліміне барып, болашақ офицерлермен және келісім-шарт негізінде әрекет етуші қызметшілермен кездесті, оларға арнайы толеранттылық сабағын өткізді.
Іс-шара тақырыбы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қайғылы жағдайға арналды. Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының профессоры, саясаткер Валерий Вишниченко жүздеген солдаттың алдында сөз сөйледі.
«Қазақстан - көпұлтты ел, бірлігіміздің арқасында талай жетістіктерге қол жеткіздік, әлі де бағындыратын белестеріміз баршылық. Бүгінде көптеген азаматтар тұрмыстық, әлеуметтік, жеке дауларды ушықтырып, ұлтаралық, тіпті саяси араздық тудыруда, сол арқылы этникалық топтардың арасына іріткі салынады. Мұндай әрекеттерге жол бермеу қажет. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, «Біздің мемлекетіміздің іргетасы - бейбітшілік пен қоғамдық келісім». Бәріміз жұдырықтай жұмылып, ынтымағымызды сақтайық», - деді ел жанашыры.
Аталмыш іс-шараға А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универсиеті жанындағы іргелі зерттеулер институтының директоры, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Әлімжан Бекмағамбетов қатысты. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қалыптастыруға, аймақтардағы этносаралық жағдайды зерттеуге бағытталған жұмысымен бөлісіп, ұлтаралық дау-дамайлардың алдын алуға мүмкіндік беретін іс-әрекеттер алгоритмдерінің құрылатындығын жеткізді.
6697 әскери бөлімінің запастағы ардагері Рим Хасанов болашақ офицерлерге кез-келген жағдайда батылдық, сабырлық сақтап, мәселелерді салқынқандылықпен шешу қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, олардың ел игілігі мен қауіпсіздігі жолында адал қызмет етуін тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
12 Қыркүйек, 15:55
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы Д.Әлиевпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді