10 Маусым, 2019
2636
Қостанай облыстық ҚХА волейболдан «Достық кубогін» жеңіп алды
Қостанай облыстық Достық үйі үшінші жыл қатарынан волейболдан жастар арасында «Достық кубогі» турнирін өткізіп келеді.
«Асар» белорус-балтық жағалауы халықтарының этномәдени бірлестігімен ұсынылған «Тегі бір адамдар арасындағы спорт» жобасы және Жастар жылының аясында ұйымдастырылған жарыс Назарбаев зияткерлік мектебінің спорттық алаңдарында өткізілді.
«Елбасы «Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Бұл турнир жағымды әсерімен, достық атмосферасымен есте қалсын, спорттық жетістіктерге толы болсын! Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!», - деді қазақ этномәдени бірлестігінің төрағасы Жақып Қалқаман.
Жарысқа «Эребуни» армян бірлестігінің «Миасин» жастар қанатының құрамасы, «Асаба» қырғыз этномәдени бірлестігінің құрамасы, «Дуслык» татар-башқұрт этномәдени орталығының құрамасы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының құрамасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамасы қатысты.
Біртекті командалар құрамында Корей этномәдени орталығынан Ким әулеті және түрік этномәдени бірлестігінен Абиловтар әулеті спорттық шеберліктерін танытты. Іс-шара қонақтары - Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студенттері де бақ сынасты.
Ойын айналмалы жүйе бойынша бірден екі алаңда өтті. Бірінші орын, жарыс чемпионы атағы үшін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының командасы мен «Асаба» қырғыз этномәдени бірлестігінің құрамасы бәсекеге түсті.
Таласты тартыста бір ұпай артықшылығымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының командасы жеңіске жетті. Бұл құраманың қоржыны екінші кубокпен толықты. «Асаба» қырғыз этномәдени бірлестігі күміс жүлдеге ие болды.
Биыл іс-шара ұйымдастырушыларының тарапынан қосымша екі номинация белгіленді. Ұлттық төреші Елена Мирошниченко бастаған төрешілер алқасы «Асаба» қырғыз этномәдени бірлестігінің ойыншысы Азамат Амангелдіні «Үздік байланыстырушы» деп тапты.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы құрамасының капитаны Андрей Климов «Үздік шабуылдаушы» атанды. Қос спортшыға кубоктар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті