Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қыркүйек, 2015

1303

Қостанай облысы 20 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясын қарсы алды.

Өңір Солтүстік Қазақстан облысымен шекаралас Ұзынкөл ауданында экспедиция эстафетасын қабылдап алды. Бұл жерде дәстүрімізге сай ақ тілекпен қарсы алып, шашу шашылды, ұлттық киім киген қыздар қонақтарға қымыз бен шәй ұсынды.

 

Өңір Солтүстік Қазақстан облысымен шекаралас Ұзынкөл ауданында экспедиция эстафетасын қабылдап алды. Бұл жерде дәстүрімізге сай ақ тілекпен қарсы алып, шашу шашылды, ұлттық киім киген қыздар қонақтарға қымыз бен шәй ұсынды.

Экспедицияның Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы зерттеулер мен байқалған жайлар, ақ тілектер жазылған күнделік кітабын ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету қызметінің жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы Нұрбек Шаяхмет Қостанай ҚХА хатшылық меңгерушісі  Гүлвира Құдайқұловаға тапсырды.

Экспедиция мүшелері үшін Қостанайда арнайы бағдарлама дайындалды. Ең алдымен олар белгілі қазақ ақыны, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың ескерткішіне гүл қойды. 2000 жылғы 15 қыркүйекте облыс орталығында бұл ескерткішті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келіп ашқан болатын. Ол Ахмет Байтұрсыновтың атындағы көшеде орналасып, 1996 жылы ағартушы әрі мемлекет қайраткерінің аты берілген Қостанай мемлекеттік университетінің алдына орнатылған.

Бұдан кейін экспедиция мүшелері жұмыс істеп тұрғанына биылғы жылғы 1 тамызда 100 жыл болған облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды. Музей бір кездері Қостанайдағы белгілі көпестер – Яушевтердің сауда үйі болған бірегей тарихи ғимаратта орналасқан..

Сауда үйінің тарихы 20-ғасырдың басынан басталады. Қалада кеңес өкіметі орнаған кезде бұл жерде әмбебап дүкен ашылады, Ұлы Отан соғысы жылдарында дүкеннің жертөлесінде Мәскеуден Қостанайға эвакуацияланған Мемлекеттік тарих музейінің экспонаттары сақталған. Мұнда 1989 жылға дейін Орталық универмаг жұмыс істеп тұрған, содан кейін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 1995 жылдан бері облыстық тарих ғибадатханасының экспозициялық ғимаратына айналды. 2006 жылдың қыркүйек айында ғимараттың бір бөлігі Достық үйіне берілді (Қостанай облысы әкімі аппараттының «Қоғамдық келісім» КММ-ның қазіргі атауы).

Қазіргі кезде музей экспозициясында 109 мыңнан астам экспонат сақтаулы. Музей қорларында аса бай палеонтологиялық, ботаникалық, зоологиялық және энтомологиялық коллекциялар бар. Археологиялық қазбалардың ішінде алғашқы өнер туындылары: «Тобыл ойшылы» тас мүсіні мен арқардың басы бар құрбандық шалу құралы таң қалдырады. Этнографиялық коллекцияны қалыптастыруға музей баса көңіл бөледі, бұнда қазақ зергерлерінің ХІХ-ХХ ғасырлардағы ұлттық әшекей бұйымдарынан тұратын Қазақстандағы ең үздік жиынтық, ұлттық киімдердің жиынтығы бар. 

Экскурсиялық бағдардағы тағы бір есте қаларлық тарихи орын қазақтың ағартушы педагогі, жазушы, фольклорист Ыбырай Алтынсариннің кесенесі болды. Қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің кесенесі Тобыл өзенінің оң жақ жағалауында бой көтерген. Ағартушы-ұстаз 1841 жылы дүниеге келген аудан да Ыбырай Алтынсариннің атында. Облыс орталығындағы іргетасы 1884 жылы қаланған, дарынды балаларға арналған мектеп-интернатқа да ағартушының аты берілген. Торғай облысы мектептері бойынша инспектор болған Алтынсарин жаңа мектептердің ашылуына ықпал еткен. Ол қыздарға арналған мектеп және кәсіптік оқыту мектебін ашудың бастауында тұрғандығын айғақтайтын бірегей фотоматериалдар, мұрағаттық құжаттар музейде сақталған. Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана да ұлы ағартушының атында.

Осы жайлар туралы және Ыбырай өміріне қатысты басқа да қызықты фактілер туралы Қостанай облыстық ҚХА ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Қалқаман Жақып айтып берді. Облыстық ҚХА-ның биылғы 23-сессиясында ол келесі жылға атақты жерлестерінің туып, қызмет еткен жерлері бойынша өңірлік туристік бағдар әзірлеу туралы бастама көтерді. Қазір осы бағытта зерттеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

 

Сондай-ақ экспедиция мүшелері өңірлік және республикалық БАҚ журналистерімен сөйлесіп, экспедицияның мақсаты мен міндеттері туралы баяндады және қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу облыстық баспасөз клубында өтіп, онда Нұрбек Шаяхметов, Қазақ георграфиялық қоғамының мүшесі Мағжан Сағымбаев, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыс және шетелдіктермен байланыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл және Қостанай мен Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институттарының құрметті профессоры, өлкетанушы Қуанышбай Орманов сөз сөйледі.

21 қыркүйекте экспедицияға Қостанай облысынан төрт күнге Торғай өңірінің (Жангелдин және Амангелді аудандары, Арқалық қаласы) тарихи жерлеріне аттанатын қатысушылар қосылады. Сол жақтан қостанайлықтар Ұлытау селосына барып, эстафетаны Қарағанды облысына тапсырады.

Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КМУ Баспасөз қызметі

Кейін қарай