06 Ақпан, 2016
842
Қостанай облысы ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің отырысы
«Қоғамдық келісім» КММ БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық қоғамдық келісім отырысы өткізілді.
Іс-шараға Қостанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесі мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, жастар қанатының белсенділері, мемлекеттік мекеме басшылары, «ССГПО» АҚ еңбек ұжымының өкілдері қатысты. Отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттыгына өткізілетін сайлауының мәнмәтінінде азаматтық татулық пен және келісімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Г. Ж. Құдайқұлова қатысушыларға міндеттердің кеңеюі туралы, ережедегі өзгерістер туралы, өңірдегі әлеуметтік және өзге туындаған мәселелердің алдын-алу бойынша ұсыныстарды талқылау, жергілікті орындарда қайырымдылықты, медиацияны және қоғамдық бақылау жүйесін дамытуға жәрдем көрсету міндеттерін айтып кетті.
Облыста 268 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді: біреуі облыстық, 20 қалалық және аудандық, 244 – селолық және үшеуі – «ССГПО» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «Орион минералс» ЖШС кәсіпорындарында. «Олардың барлығы белсенді жұмыс жасайды», - деп атап өтті ОҚХА хатшылығының меңгерушісі Гүлвира Құдайқұлова.
Өткізілетін сайлау мәнмәтінінде азаматтық татулық пен келісімді қамтамасыз ету ақпаратымен ҚХА облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Римма Гайсенова сөз сөйледі.
Кезектен тыс сайлау барлық халық және барлық мемлекеттік органдар, Үкімет және Парламент дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға көңіл аудару керек деген шешім қабылданды. Депутаттыққа сайлауларды бipге жасау жұмысқа ерте кірісуге және бюджет қаражаттарын үнемдеуге жол ашады.
Осы қадам өмірлік бес институционалды реформаны әрі қарай тиімді іске асыру үшін қажет. Парламент Мәжілісінің жаңадан сайланған депутаттар құрамы халықтың азаматтық белсенділігін көтеріп және Мемлекет басшысының ұлттық жоспарын іске асыру үшін барлық халықтың бірлігін нығайтуын қамтамасыз ететініне сенімдеміз деп, - Р.Гайсенова атап өтті.
ОҚХА жастар қанатының белсендісі Рач Мартиросян отырыс соңында, барлық қостанайлықтарға «азаматтық позицияны көрсетіп, өткізілетін сайлау компанияларына белсенді қатысу және біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасының береке-бірлігі және гүлденуі үшін бірыңғай мақсатымызды көрсету керекпіз» өз үндеуін оқып шықты.
«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
вчера, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ