05 Ақпан, 2020
10756
Қостанай: 2019 жылы медиаторлардың арқасында 146 дау-дамай шешілді
Қостанайдың Достық үйінде облыстық Медиация кеңесінің отырысы өтті.
Іс-шара барысында өткен жылғы жұмыс қорытындыланып, болашаққа жоспар белгіленді. Медиация кеңесінің төрағасы Сергей Ботатырев 2019 жылы медиаторлардың арқасында 146 дау-дамайдың шешілгендігін хабарлады.
«Бүгінгі таңда сот төрешілері бітімгершілік келісімдер жасай алады, ал бұл жағдай кәсіби медиацияның беделіне нұқсан келтіреді. Сот төрешісі сауатты, өз ісінің шебері болса да, медиатор бола алмайды. Мектептік медиацияны да дамытуға көңіл бөлу қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдауының арқасында ғана қоғамдық медиаторлардың жұмысы іске асып, оң нәтиже беруде, бұл қуантарлық жайт», - дейді кеңес төрағасы.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ (Достық Үйі) мектептік медиация саласында айтарлықтай жұмыс атқарады. Медиация кеңесі 2 жыл қатарынан «Мектептік медиация және халықтық дипломатия» атты әлеуметтік маңызға ие жобаны жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты – білім алушыларға медиация негіздерін меңгерту және дау-дамайлардың реттелу жолдарын таныстыру.
«Біз биыл әлеуметтік-маңызды жоба аясында мектептік медиация қызметінің жұмысын бастағалы отырмыз. Құрылымның жұмысы мекеменің білім-тәрбие процесімен тығыз байланысты болмақ. Сонымен қатар оқушылар үшін қауіпсіз оқу кеңістігінің құрылуына ықпал етіп, дау-дамайлардың алдын алуға, жасөспірімдерге нақты көмек көрсетуге және қолдауға бағытталады», - дейді С. Богатырев.
Іс-шара соңына қарай облыстық Медиация кеңесінің төрағасы ақпан айында мектептердегі әлеуметтік педагогтар мен ата-аналар комитетінің белсенділеріне арналған екі күндік оқыту семинар-тренингі (тегін) ұйымдастырылатындығын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті