Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Тамыз, 2015

768

Қостанай облысының делегациясы Қазан қаласына барып келді

«Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өңірлік «Булачак» жастар қанатының он өкілі «Милләтебез хәзинәләре» - «Сокровище нации» атты балалар  лагеріне қатысты. 

«Дуслык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өңірлік «Булачак» жастар қанатының он өкілі «Милләтебез хәзинәләре» - «Сокровище нации» атты балалар  лагеріне қатысты.

Бұл іс-шараның мақсаты – Татарстан Республикасында, Ресей Федерациясының өңірлерінде және ТМД елдерінде тұратын татар балаларын біріктіру, татар халқының ана тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтау және дамыту. Биыл бұл ауысым Ресейден және шетелден 170 жуық балаларды жинады.

15 күн ішінде қатысушылар татар тілі, вокал, мәдениет және би бойынша сабақтарға қатысты, қолданбалы өнер, журналистика, аспазшылық және әдеп, экономика, қайырымдылық, спорт бойынша шығармашылық шеберханамен айналысты; балалар-жасөспірімдер басылымдарының, ғылыми және шығармашылық зиялылар өкілдерімен кездесулер өтті. Сондай-ақ балалар үшін Қазан қаласындағы тарихи және көрікті ерлерге экскурсия ұйымдастырылды.

- Біз осы екі жетіні өте қызықты өткіздік, лагерьдегі жағдай барлығымызға ұнады. Айтқандай, жиналғандардың барлығына Қазақстан туралы білу қызықты болды, біз оларға  татар-башқұрт орталықтары туралы, Қазақстанда 100 этностан артық өкілдер бір отбасындай тату болып тұратыны туралы айтып бердік, - деп  өз әсерімен бөлісті Қостанайдан барған балалардың жетекшісі, «Булачак» жастар қанатының басшысы Алина Бектемирова.

«Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ  Пресс-служба баспасөз қызметі

Кейін қарай