28 Қазан, 2016
920
Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы ашылды
Жаңа «институт» өзінің орнын Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында тапты.
Ең бірінші кафедра 2014 жылдың сәуір айында М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде ашылды, сол кезде бұл кафедра Қазақстан бойынша үшінші болды.
Жаңа кафедраның салтанатты тұсаукесерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұштастырып, қазан айында ашты. Лентаны кесу құрметі ҚМПИ проректоры Тілеген Ахметовке және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Анатолий Башмаковқа ұсынылды. Сондай-ақ, іс-шараға тарих ғылымдарының докторы, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету қызметінің басшысы Нұрбек Шаяхметов қатысты. ҚХА кафедрасының қызметі туралы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Мамытова айтып берді.
Кафедра меңгерушісі Ольга Евдокимова өз сөзінде: «Сөзсіз, біз әріптестерімізбен байланысты жалғастырып, тәжірибемен алмасып, әдістемелік құралдармен бөлісіп жүреміз. Келесі жылға бекітілген жоспар бойынша ассамблея кафедрасында сабақ өтіп, дәрістер оқылатын болады. Бірінші курс студенттері үшін «Толеранттылық - этносаралық қарым-қатынас негізі» атты арнайы курс ұйымдастырылатын болады. Қазіргі таңда кафедра негізінде дөңгелек үстелдер, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен, этномәдени орталықтарымен кездесу өткізу жоспарлап отырмыз,»- деді.
Оқытушылар қатарында Махаббат Қозыбаева да бар. Оның Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кафедрасынан алған үлкен тәжірибесі бар.
Кафедра қызметкерлерінің алға қойған мақсаттары көп. Солардың бірі Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедраларының республикалық Ассоциациясына кіру.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы