09 Шілде, 2019
5204
Қостанайда ҚХА жаңа туған 7 нәрестеге Ұлы дала мұрасы – домбыраны сыйға тарту етті
Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Достық үйінің ұжымы жаңа туған нәрестеге домбыра сыйлады.
Былтыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілде айының алғашқы жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» деп белгіленген болатын. Мереке аясында 7 шілде күні сағат 00:05-те дүние есігін ашқан кішкентай ханшайымға Ұлы дала мұрасы – домбыра сыйға тартылды.
«Бұл біздің тұңғыш сәбиіміз, қызымыздың бұл күні туғанына қуаныштымыз, себебі қазақ халқы үшін 7 киелі сан. Өзім домбыра тарта алмаймын, бірақ домбыраның құлағында ойнайтын туыстарымыз бар. Мен бүгінге дейін «Ұлттық домбыра күні» мерекесінің тойланатындығын білген жоқпын, бұл мереке біз үшін маңызды болмақ. Қызымыз бойжетіп, қос ішекті, тоғыз пернелі аспаппен әуелете ән айтатын, тыңдармандардың жанын тербейтін сырлы күй шырқайтын, еліміздің абыройын асқақтатар өнерпаз болғанын қалаймыз», — дейді сәбидің анасы 22 жасар Күнсұлу Жиреншиева.
Достық үйінің бөлім басшысы Руслан Мырзағалиев пен облыстық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Ақжан Алтыбаева ұлық мереке күні нәрестелі болған анаға ұлттық мұра - домбыраны табыс етті.
«Мен көпбалалы анамын, бес балам бар. Сәбидің шыр етіп дүниеге келуі ең бақытты сәт. Бала – өмір жалғасы. Былтырдан бері елімізде Ұлттық домбыра күні аталып өтуде, бұл мерекенің маңызы зор. Домбыра - бабадан қалған мұра, ұлттық саз аспабы. Қазақ халқы домбыраның үні арқылы басынан кешкен сан қилы заман тағылымын, асыл арманын жеткізе білген. Біз халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын ұлықтап, ұрпақтар сабақтастығын сақтауымыз керек. Біз бүгін жаңа туған сәбиге домбыра сыйладық, бұл нәресте өсіп, еліміздің нағыз патриоты болады деген үміттеміз», — дейді ұстаз.
Сонымен қатар, жас анаға гравертон, сыйлықтар және гүл шоқтары табысталды. Қостанай облысы бойынша бұл күні дүние есігін ашқан 7 сәбиге домбыра сыйға тартылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Марат Әзілханов Алматы қ. ҚХА төрағасының орынбасары В. Лукашевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Али Балоевпен кездесу өткізді
-
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51