
20 Маусым, 2018
1021
Қостанайда Сабантой мерекесі өтті
Қостанайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы саябағында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйі мен "Дуслык" татар этномәдени бірлестігімен ұйымдастырылған татар халық мерекесі Сабантой (соқа мерекесі) өтті. Татар билері, әндері, жүлдеге қойылған қой үшін күрес, чак-чак, бялеш, айранның ішінен тиындарды іздеу ойындары – Сабантой мерекесінен орын алды.
Жағалауда бірнеше аймақтар жұмыс істеді: концерттік алаңы, ұлттық тағамдардың көрмесі, спорттық жарыстар мен халық ойындары.
Бағдарлама мың бұралған бишілердің бірнеше биімен ашылды. Сахна шымылдығын қазақтың ұлттық киімдерін киген "Зарянка" (Қостанай) балалар би ұжымы ашып, «Танцевальная графика» (Жітіқара) бишілері мен «Інжу-маржан» (Рудный) бишілері көрермендерді қуантты.
Салтанатты бөлімде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан татар ЭМБ белсенділері: Шамиль Капкаев, Адиба Фахриева, Асия Фаизова, Рамиль Баймухаметов, Гульнара Латыпова, Радик Вильдянов, Валерий Гумиров алғыс хаттармен марапатталды.
Қостанайлықтарды және қала қонақтарын құттықтауға Қазанның әртістері – Шахзот Розметов мен Эльвира Гиматдинова келді. Татарстанның жұлдыздары көрермендердің көңілін көтерді. Әртістермен қосыла ән айтып, би билеген халық риза болды.
Салтанатты бөлімнен кейін концерттік бағдарламаны әр облыс аудандарынан келген ұжымдар мен әртістер жалғастырды.
Бұл кезде басқа алаңда ұлттық тағамдар көрмесі ашылды. Қостанайлықтарға салмағы 25 келі безендірілген чак-чак ұсынылды. Аспаз шебері сайысына қатысушылар қазылар алқасына: эчпочмак, бак-балиш, кош теле, ет бәліштері – кубете, губадию, кыстыбый, кабартму, каймак бәлише, баурсаки, калкыш калеве, альбу тағамдарын ұсынды.
75 жастағы ата Рафаэль Мұхамадиев жеңімпаз атанды. Ол өте дәмді татар десерті – альбаны дайындаған болатын.
Спорттық жарыстар үлкен дүрбелең туғызды. Қостанайлық батырлар ұлттық күресте кім мықты екенін дәлелдеді. Жеңімпазға мерекенің бас жүлдесі қой табысталды. Жарыс кір тастарын көтерумен жалғасты, күш пен ерліктің көрінісі орын алды. Армрестлинг ойынында білек күшін сынағандар да болды.
Балалар да ойын-сауықсыз қалған жоқ. Алаңда күні бойы күлкі, шапалақ және көңілді дауыстар естілді. Балалар қаппен жүгіру, шикі жұмыртқаны қасықпен тасу, таяқпен құмырыларды бұзу бойынша жарысты. Қатысушыларға көзді байлап тастап, таяқшалармен құмыраларды бұзу ойыны өте ұнады. Қатысушылар бірін-бірі қолдап, бағыт беріп, көмектесіп отырды. Ең үлкен қызығушылық туғызған ойынның бірі «Айранның ішінен тиынды ал» болды. Айранның ішінен тиынды алып шығу үшін қатысушылар бір литр сусынды ішуге мәжбүр болды, енді басқалары бетімен айранның үстінде жүзуге мәжбүр болды. Бұл сайысқа кішкентай балалар да, ересектер де қатысты.
«Тамаша мереке! Өте көңілді, менің балаларым мәз-мейрам. Олар алдымен жастықтармен бөренеде жарысты, содан кейін қаптармен секірді, құмыраларды бұзып, беттерімен айранға малынды. Тіпті чак-чактың да дәмін таттық. Концерттік бағдарлама мерекелік көңіл-күй сыйлады. Біз жыл сайын "Сабантуй" мерекесіне қатысуға тырысамыз», – деп бөлісті өз әсерімен Фарида Валитова .
Шара соңында белсене қатысқандар сыйлықтармен, грамоталармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
11 Маусым, 12:38
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
12 Маусым, 23:59
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
вчера, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
сегодня, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
Ұқсас жаңалықтар
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ