01 Қазан, 2018
992
Қостанайда УКРАИН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ХХІІ ФЕСТИВАЛІ өтті
Қостанайда өткен украин шығармашылығының ХХІІ фестивалі украин қауымдастығының 25 жылдығына арналды.
Фестиваль украин қауымдастығы мүшелерінің қатысуымен театрландырылған попурримен басталды.
Кейін сахна төрінде ансамбльдер, би топтары, шығармашылық ұжымдар, жеке орындаушылар өнерлерін көрсетті. Олардың өнер қойылымдары украин халқының ұлттық ерекшеліктеріне арналды.
Бұл мерекені ұйымдастырушы – облыстық Достық Үйі биыл тұңғыш рет «Вареничный разгуляй» іс-шарасын өткізді. Тапсырыс бойынша жалпы салмағы 43 кг құраған варениктердің түр-түрі және 30 литр компот әзірленді. Бұл тағамдар мерекеге қатысушылардың барлығына тегін таратылды.
«Мұндай іс-шараны ұйымдастыру табылған ақыл. Варениктердің дәмі тіл үйіреді, мен саңырауқұлақ; ірімшік және шие қосылған варениктердің дәмін татып көрдім. Дастарқан молынан жайылыпты, қонақтардың барлығына жетті. Филармонияға кіргенде украиндық хуторға енгендей әсерде қалдым. Бәрі тамаша ұйымдастырылған. Бұл мерекеге қатысқаныма өте қуаныштымын», - деп өз әсерімен бөлісті мереке қонағы Нина Перевалова.
Қонақтар көңілдерін көтеріп, «хуторда» суретке түсіп, «Сорочин жәрмеңкесінде» жергілікті қолөнер шеберлерінен бұйымдар сатып алды.
Бұл мерекені атап өту үшін шығармашылық топтар қатарынан 22 жыл бір сахнаға жиналады. Бұл қауымдастықтың негізін қалап, фестивальді өткізу туралы бастама жасаған Андрей Михайлович Кирилюк – дарынды ұйымдастырушы, ақын, публицист, белсенді қоғам қайраткері. Фестивальде оның есімі құрметпен еске алынды.
«Андрей Михайлович украин қауымдастығын құрып қана қоймай, облысымыздағы украиндықтардың басын қосып, белсенді іс-әрекетке жұмылдырды. Біз алғашқы фестивальдерімізді өзіміздің мүмкіндігіміз жеткенше өткізетінбіз. Аудандық жерлердегі украиндықтарды шақыртып, жан тебірентер іс-шаралар ұйымдастыратынбыз», - деді украин қауымдастығының бұрынғы Төрағасы, Қостанай және Ақтөбе облыстары бойынша Украин елінің құрметті елшісі Анатолий Тарасенко.
Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов барлық украиндықтарды мерекемен құттықтап, қонақтарды украин тілінде қарсы алып, барлығына толағай табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
вчера, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
вчера, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
вчера, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті