22 Қараша, 2018
1133
Қостанайдың жастары өзара интеллектуалдық сайысқа түсті
Қостанай қаласының Достық Үйінің ұжымы облыс орталығындағы бес жоғары оқу орындары студенттерінің арасында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырды.
Облыстық Достық үйінде «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру аясында «Мәңгілік елім» зияткерлік ойыны өтті.
Аталмыш зияткерлік ойын студенттердің Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен дәстүріне деген қызығушылығын арттыруға, жастардың зияткерлік әлеуетін анықтауға, отансүйгіштікке және толеранттылыққа тәрбиелеуге бағытталған.
Ойын бағдарламасы бірнеше кезеңді қамтыды. Алғашқысында студенттер Қазақстан тарихы, мәдениеті, саясаты және Қостанай облысының флорасы мен фаунасына қатысты сұрақтарға жауап беруге тиіс еді.
Студенттерге «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі өз жобаларын ұсынатын шығармашылық кезең ерекше есте қалды. Қазақ елінің рухани және мәдени құндылықтарын сақтауға және насихаттауға бағытталған бұл байқау арқылы білім алушылар маңызды мемлекеттік құжатты ой елегінен өткізуге мүмкіндік алды.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар теориялық және практикалық маңызға ие: студенттер Қостанай облысындағы этномәдени бірлестіктердің тарихымен, салт-дәстүрлерімен және Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен, этносаясат саласындағы нормативтік құжаттармен танысады, ғылыми-зерттеу әрекетіне қызығушылықтары артады.
Сұрақтар мен тапсырмалар әр түрлі мазмұнда ұсынылды: аймақ картасымен жұмыс істеу, көрермендердің топ басшыларына сұрақ қоюы, «менің ойыным» бағдарламасы элементтерінің қолданылуы және т.б.
Ойын нәтижесі бойынша Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің командасы бірінші орынға ие болды. Барлық қатысушылар дипломдармен марапаттылды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.