28 Ақпан, 2019
901691
Қостанайлық ғалымдар «дөңгелек үстел» басында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылады
Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық топ мүшелерінің, облыстық ҚХА Хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдерінің, аймақтық университеттердің студенттері қатысқан «Ұлы даланың жеті қыры» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында жеті баяндама тыңдалды: «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау, түсіндіру жұмыстары туралы», «Тарихи сананы жаңғырту: мұрағаттар қызметкерлерінің және ғалымдардың ізденіс-зерттеу жұмыстарының тәжірибелік рөлі», «Бүгінгі таңдағы қазақ халық әндерінің жастарды тәрбиелеудегі алатын орны», «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы дала – тарихтың үздіксіз ағымында өз дамуын жалғастыратын бірегей өркениет», «Ұлы Даланың жеті қыры – жастарға үндеу».
Ғалымдар тарихшылар, саясаттанушылар, философтар, құқықтанушылар «Мәңгілік ел», «Қазақтану» жалпыұлттық жобаларға қатысты стратегиялық, әдіснамалық, концептуалды, әдістемелік аспектілер туралы сөз қозғаса, жас ізденушілер Ұлт көшбасшысының дүниетанымдық мақаласына өздерінің ғылыми, әлеуметтік, шығармашылық жобаларға, сонымен қатар, қоғамдық іс-шараларға, түрлі байқауларға қатысу арқылы өз ойларын жеткізді.
Тақырып аясында ұлттық мәдени код, жаһандық әлемдегі қазақстандық мәдениет, түркі өркениеті туралы пікірлер айтылды, тарихи тұлғалардың, атақты жерлестеріміз - Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Өмірзақ Сұлтанғазиннің ел үшін жасаған қызметтері туралы сөз қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Актөбе облысы
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті