22 Сәуір, 2019
2695
Қостанайлық татарлар туралы кітап оқырманға жол тартпақ
Раис Яушев пен тарих ғылымдарының кандидаты, Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының Ш. Марджани атындағы Тарих институтының аға ғылыми қызметкері Зуфар Махмудов бір апта бойы Қостанай жерінде материалдар жинаумен болды. Зерттеуші ғалымдар бірнеше тарихи кітаптардың авторлары, олардың ішінде Астаналық, Ақтөбелік және Петропавлдық татарлардың өміріне қатысты туындылар да бар.
Қаламгерлер Қазан қаласында тұратындығына қарамастан, туып-өскен жерін ұмытпайды.
«Менің арғы атам 1880 жылы Ақмолаға қоныс аударған. Сауда-саттықпен айналысқан. Ол 1937 жылы Ақмолада дүниеге келген, 22 жасында отбасымен бірге Қарағанды қаласына қоныс аударған. Ол кезде Қарағанды гүлденген, өнеркәсіп саласы дамыған қала болатын. Отбасымыздың тарихы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп отырды. Мен бала кезімнен бастап Астаналық татарлардың өмірінен, болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін кітап жазғым келген. Бағыма орай, Петропавл қаласының тумасы Зуфармен таныстым, ол менің бастамамды құптап, біз зерттеу жұмысымызды бастап кеттік.
Бастапқыда солтүстікқазақстандық татарлар туралы кітабымыз жарық көрді, кейін Ақмола облысындағы және Көкшетау қаласындағы татарлар туралы кітап шығаруды жөн көрдік», - дейді Раис Равильевич.
Раис Яушев Қостанай өңірінде зерттеу жұмысына қатысты көптеген материалдар жинауға болатынын және ата-анасы кезінде Әулиекөл ауданындағы тың жерлерді игеруге атсалысқандығын жеткізді.
«Олар 12 жыл бойы «Комунизм жолы» ауылында жұмыс жасаған. Әкем коммунист болғандықтан, оны тың игеруге жіберді. Ол бас агроном болып жұмыс істеді. Кейіннен отбасым Қарағанды қаласына оралды. Біз, яғни балалар, ержетіп, білім алу үшін басқа қалаларға жол тарттық, ата-анам тарихи отанына оралды, қазіргі уақытта бізбен бірге Қазан қаласында тұрады», - дейді Раис Равильевич.
Қазаннан келген қонақтар қостанайлық халықтың көмегін сезінуде, «Дуслык» татар-башқұрт бірлестігінің (төрағасы – Ринад Бектемиров) өкілдері қол ұшын беруде, мұражай мен мұрағат қызметкерлері қажетті барлық құжаттарды толық көлемде ұсынуда.
«Біз былтыр Ринад Вальтаевичпен бұл тақырып төңірегінде кітап шығаруды ойластырғанбыз, биыл сәті түсті. Достық Үйінің қызметін ерекше атап өткім келеді, сан түрлі ұлт өкілдері бас қосатын мұндай орталықтар Ресейдің әрбір облыс орталықтарында кездесе бермейді. Ресей халқы Ассамблеясы бар, бірақ оның қызметін әлі де жандандыру қажет. Мұндағы жағдай жақсы, қазақстандықтармен жұмыс жасау ұнайды әрі оңай. Мысалы, қостанайлық ғалым Павел Шаблей астаналық татарлар туралы кітабымызға рецензия жазды. Ол татар тілін өздігінен меңгерген, жан-жақты тұлға», - дейді Раис Яушев.
Қостанайлық татарлар туралы алдағы жылдың жазында оқырманға жол тартпақ.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50