Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Сәуір, 2016

1027

«OSTERN»

Петропавл қаласындағы «Видергебурт» неміс этномәдени бірлестігінде басты мерекелердің бірі - Пасханы атап өтті. Қазақстанның неміс диаспорасы үшін  Пасха, немісше Ostern ұлттық сипатқа ие, оны барлық бұқаралық топ қастерлейді және  Воскресение Христово мейрамын тазалық, адалдық, сенім мен жаңа өмірдің символы ретінде дәріптейді.

Пасха – бұл көктем мезгілі басталуын білдіретін дәстүрлі халық  мерекесі.  Неміс Пасхасының ерекше белгісі өмір мен жаңа бастаудың символын білдіретін боялған жұмыртқалар,  мол өнімді білдіретін пасха қояны, әр түрлі пісірілген нан және тәттілер болып табылады. Осы тамаша мереке құрметіне Достық үйінің акт залында диаспора өкілдері, сондай-ақ неміс мәдениеті мен тіліне қызығушылық танытқан қала тұрғындары мен мектеп оқушылары бас қосты.

Неміс ЭМБ өкілдері мерекеге ерекше дайындалыпты. Мереке қарсаңында жастар қанатының балалары залды өздері жасаған жасанды бұйымдармен әшекейлеген. Бұл  - қызыл түсті көрнекі жұмыртқалармен безендірілген пасха ағашы және пасха шірі. «Видергебурт» СҚО НМО» ҚБ Президенті Эльвира Ковзель қызықты бағдарлама әзірлеген. Бағдарламаға мектеп оқушылары мен орталықтың белсенділері қатысты.

Неміс және орыс тілдерінде олар Германияда және басқа да елдерде  Пасха мерекесін қалай атап өтетіндігі жөнінде айтып берді және халық салт-дәстүрлері мен ғұрыптарын көрсетті. 

Мерекенің екінші бөлімінде концерттік бағдарлама ұсынылды. Залда жылы да тату көңіл-күй орнады. Пасха мерекесі жарқын да есте қаларлықтай болды. Құттықтау сөздерін білдірген Эльвира Ковзель жиналған қауымға зор денсаулық, табыс және елімізге бірлік тіледі.  

Неміс ЭМО басты мақсаттары мемлекеттік және ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлер мен ғұрыптарды меңгеру, сондай-ақ жастарды патриотизм рухында тәрбиелеу болып қала береді.

   

   

«Солтүстік Қазақстан облысы  әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі 

Кейін қарай