Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Қыркүйек, 2016

2139

«Отбасы - бақыт мекені» республикалық отбасы апталығы басталды

2016 жылғы 7 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Отбасы күнін мерекелеу шеңберіндегі «Отбасы - бақыт мекені» республикалық мерекелік апталықтың бастамасы өтті. Апталықтың негізгі мақсаты қоғамдағы отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесін мемлекеттік саясат тұрғысынан іске асыру бойынша мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-құрылымдарының, БАҚ жұмысын біріктіру болып табылады. 

Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ, ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік іс-шараға қалалық білім бөлімі мен оған қарасты білім-тәрбие орындарының қызметкерлері, облыстық, аудандық ҚХА жанындағы Аналар кеңестерінің мүшелері, мектеп ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты. Облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ж.Нұршин құттықтау сөз сөйлеп, республикалық Отбасы күнін мерекелеу апталығының басталғанын жария етті. Іс-шара соңында Ақтөбе қаласы әкімдігі атынан облысымыздың  өнегелі,  үлгілі отбасылары ретінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Шерниязова Гаухар Құрманалықызы, татар және башқұрт этномәдени бірлестігі төрайымының орынбасары Н.Акчурина, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Г.Бақытжанова, қалалық №16 орта мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары С.Исмаилова, Аналар үй қоғамдық қорының үйлестірушісі Т.Лакова, №19 орта мектебінің ата-аналар комитетінің мүшесі И.Николаенко, №24 лингвистикалық мектеп гимназиясының ата-анасы Б.Угизбаева марапатталды.  

Акция облыс аналарының құттықтау сөздерімен және балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының мерекелік концертімен жалғасты.

«Ақтөбе облысының әкімінің аппараты» ММ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Кейін қарай