09 Қыркүйек, 2015
2144
Отбасы тақырыбы - балалар шығармашылығында
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде отбасы күні аталып өтеді. "Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Отбасының береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашағына негіз қалайды. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.

Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелерді жерде қалдырмайды. Отбасы күнін атап өтудің негізгі мақсаты да –отбасы құндылықтарын жаңғырту, шағын мемлекеттіктегі береке мен бірлікті сақтау болып табылады.
Осы орайда Ақмола облысының «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесе отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай балалар арасында отбасы тақырыбына арналған сурет байқауын өткізді. Бұл байқауға облыс орталығындағы балалар көркемсурет мектебінің оқушылары белсенді қатысты. Байқауға қазылық еткен «Чуваш этномәдени орталығының» жетекшісі Елена Мащинская, Достық үйі басшысының міндетін атқарушы Манат Исмағұлов, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Суретшілер академиясының корреспондет-мүшесі Дулат Қоспанов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы қолданбалы өнер ассоциациясының жетекшісі Людмила Яродская және суретші Петр Дермановский ең үздік суреттерді анықтады.
Әр сурет марапатталуға лайық еді. Олардың әрқайсысында баланың туған-туыстарына, отбасына, ата-анасына деген сүйіспеншілігі айқын бейнеленген. Қорытынды іріктеуге 20 жұмыс таңдалып алынды.
Бірінші дәрежелі дипломмен Нұрмағанбетова Ділназ, екінші дәрежелі дипломмен Калмакова Злата және үшінші дәрежелі дипломмен Низдельская Каролина марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Байқауға қатысушы барлық оқушыларға сертификаттар тапсырылып, арнайы ынталандыру сыйлықтары берілді. Жүлдегерлерді құттықтаған Елена Мащинсая отбасы құндылықтарын дәріптеу - еліміздің алға қойған негізгі міндеттерінің бірі екендігін атап өтіп, барлық қазақстандықтарды отбасы күні мерекесімен құттықтады және береке мен бірлік тіледі.
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті