
01 Наурыз, 2016
1640
«Отбасылық құндылықтарды сақтайық»
2016 жылғы 26 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы үйінде БҚО ҚХА аналар кеңесінің бастамасымен Аналар кеңесі мүшелерінің Орал қаласының студент жастарымен «Отбасылық құндылықтарды сақтайық» - «Сохраним семейные ценности» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты отбасы құндылықтарын, өскелең ұрпақтың өмірлік қағидаттарын қалыптастырудағы отбасы мен неке институтының маңыздылығын насихаттау. Шақырылғандар қатарында - БҚО ҚХА аналар кеңесінің мүшелері, жоғары және орта оқу орындарының басшылығы, колледж, университеттер студенттері. Модераторы болған БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрайымы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогика колледжінің директоры Шалқыма Құрманалина, «Ақ отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алтынай Ғалымқызы Есқалиева қазіргі заман талабына сай отбасын жоспарлау керек екендігі туралы әңгіме қозғаса, «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында БҚО Ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік инспекторы Шынар Даттыбайқызы Қапаева сөз сөйледі.
Отырыс жұмысына көп балалы ана, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің мүшесі, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы Раушан Жәрдемқызы Қуаншалиева қатысып, отбасында 5 бала тәрбиелеп, ата – енесінің тәрбиесі, жолдасын қалай күтетіні туралы айтып және өздерінің өнерден де құр алақан еместігін байқатып, жергілікті ақын қызымыз Жансая Мусинаның сөзіне жазылған «Бақыттымыз біз» атты әнін шырқап берді. «Орал қалалық әйелдерге арналған әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығы» МКҚК психологы Айжан Сүлейменова өз орталықтарында әйелдердің түрлі тұрмыстық зомбылыққа ұшырайтынын, соған байланысты психологиялық көмек сұрап келетіндердің саны артып отырғанын мәлім етті. «Сбербанк России» Батыс Қазақстан еншілес кәсіпорыны филиалы директорының орынбасары, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің мүшесі –Назгүл Шайдоллақызы Ихсанова отбасындағы бюджетті қалай үнемдеуге болатыны туралы, қазіргі заманның қаржылық құралдары туралы мәселені тілге тиек етті.
Жастар тарапынан қызу талқылау, сұрақтар, аға ұрпаққа сауалдар қойылды. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің экономика және бизнес факультетінің 1 курс студенті, магистрант Данияр Серікұлы Кәкімов бірлесіп атқарған жұмыс туралы ой-пікірімен бөлісті.
Отырыс соңында аналар кеңесінің отбасылық құндылықтарды сақтау туралы жастарға арналған үндеуі қабылданды.
БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» МКК баспасөз хатшысы
Ұқсас жаңалықтар
-
Өскемен: Ақсақалдар кеңесі рухани құндылықтарды дәріптейтін жобаны жүзеге асырмақ
-
Қостанай облыстық Аналар кеңесі Отбасылық мерекелік дастарқан ұйымдастырды
-
Көкшетауда отбасылық құндылықтардың өзекті мәселелері талқыланды
-
Таныс болыңыздар: ұлттық құндылықтарды дәріптеуші атыраулық «Сармад» этно-фольклорлық ансамбль
-
ЖЕЗҚАЗҒАНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ ӨТУДЕ
-
Петропавл қаласында «Отбасылық танго» концерті өтті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
Өскемен: Ақсақалдар кеңесі рухани құндылықтарды дәріптейтін жобаны жүзеге асырмақ
-
Қостанай облыстық Аналар кеңесі Отбасылық мерекелік дастарқан ұйымдастырды
-
Көкшетауда отбасылық құндылықтардың өзекті мәселелері талқыланды
-
Таныс болыңыздар: ұлттық құндылықтарды дәріптеуші атыраулық «Сармад» этно-фольклорлық ансамбль
-
ЖЕЗҚАЗҒАНДА ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ ӨТУДЕ
-
Петропавл қаласында «Отбасылық танго» концерті өтті