
16 Қыркүйек, 2016
1155
«Отбасылық психология күні» фестивалі
2016 жылдың 10 қыркүйегінде Алматы қаласы Достық үйінде Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің қолдауымен «Отбасылық психология күні» фестивалі өтті.
Фестивальға келген халыққа психологиялық көмек көрсету орталықтары мен мамандардың қызметі ұсынылып, КИДО отбасы және психология орталығы, OMTIME қазіргі заманғы психотерапия және психологиялық орталығы, «Сүт көмек» емізу қауымдастығы, «Періште» бала қауіпсіздігі орталығы, Елена Шевелеваның «Психологиялық практика шеберханасы», TEENS жасөспірімдер мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жобасы, би билеу-қозғалу терапевті Гүлнұр Құлқыбаеваның «Бақыттылар билейді» атты жобасы қызметін ұсынды.
Құттықтау сөз сөйлегендер: Әйелдер көшбасшылығы қоры жобасының директоры Светлана Богатырева; Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Жақыпова Айнұр; Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Колесникова Ольга; Қазақстан немістерінің «Возрождение» қауымдастығы төрағасының орынбасары Елена Кесс; КИДО «Отбасы және психология орталығы» ЖШС директорының орынбасары Сәуле Қасымжанова.
Өзекті мәселелер бойынша: «Көп баланы қалай тәрбиелеуге болады?», «Отбасы толық болмаса не істеу керек?», «Ерекше қажеттіліктері бар баланы қалай тәрбиелеу керек?», «Бала қауіпсіздігі» деген тақырыптарда семинарлар өткізілсе, әйелдер үшін бөлек сабақтар: артық салмақтан арылу, би сессиясы; балаларға арналған: ойын терапиясы, құм терапиясы, сурет салу, бұл әлемде өзін түсіну тренингтері өз деңгейінде жақсы өтті.
Фестиваль соңында қатысушылар ұтыс ойындарына қатысып, бағалы сыйлықтар мен естелік заттарға ие болды.
Іс-шара шеңберінде алдын ала конкурс форматында жинақталған қазақстандықтардың өз отбасыларының фото суреттері ұсынылған «Менің тамырым» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Ақтау қаласынан Бақытгүл мен Алматы қаласынан Еленаның суреттері үздік фотосуреттер болып танылды.
Жеңімпаздарға Санкт-Петербургтен келген белгілі психолог Дима Зицердің семинарына қатысуға шақыру берілді.
Қатысушылардың алғыс айтулары және көңілдерінің көтеріңкі болуы, қазіргі жаңа қоғамда адамдардың күнделікті өміріне психологиялық білімнің маңызы зор екенін көрсетеді.
Отбасы күніне орай ұйымдастырылған фестивальге қатысушылар отбасылық тәлім-тағылым мен пайдалы кеңестер алып қайтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматы облысында славян мәдениеті фестивалі өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Жан DoStar: бір аспан астында» VIII Республикалық өнер фестивалі өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
Қарағанды облысында корей мәдениетінің фестивалі өтті
-
Алматы облысында славян мәдениеті фестивалі өтті