27 Мамыр, 2025
102
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында, ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ЮНЕСКО жанындағы ҚР Тұрақты өкілдігінің қолдауымен Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті.
Қазақстан тарапынан таныстырылымға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қазақстандағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, Ассамблеяның жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Ал ЮНЕСКО тарапынан – ЮНЕСКО-ға мүше 50-ден астам мемлекеттің Тұрақты өкілдіктерінің дипломаттары қатысты.
Шетелдік әріптестерге Ассамблеяның рөлі, оның конституциялық мәртебесі, Ассамблея атынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қызметі, еліміздегі 1000-нан астам этномәдени бірлестіктің, 4500-ден астам қоғамдық құрылымның және барлық өңірлерде жұмыс істейтін 32 Достық үйінің жұмысы туралы ақпарат берілді.
Ассамблеяның қазақстандық жастардың әлеуметтік, шығармашылық және креативті белсенділігін дамытуға бағытталған жастар бастамаларын қолдау тәжірибесі ұсынылды. Сонымен қатар, «Ассамблея жастары» ұйымының ЮНЕСКО Ғаламдық жастар қоғамдастығына кіру үдерісінің соңғы кезеңдері талқыланды.
«Ассамблея жастары» – аталған халықаралық қоғамдастыққа ресми түрде мүше болатын Қазақстанның алғашқы жастар ұйымы болмақ.
Таныстырылым қорытындысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЮНЕСКО арасындағы түрлі бастамаларды жүзеге асыруда бейбітшілік пен келісімді халықаралық деңгейде нығайтуға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде уағдаластық расталды.
Сондай-ақ, ЮНЕСКО-ның әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі Бас директордың орынбасары Лидия Брито ханыммен кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды.
Халықаралық ұйым тарапынан мәдениетаралық диалогты дамытуға, төзімділік пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілетуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға әзірлік айқындалды.
Ассамблеяның 30 жылдығы аясында жүзеге асырылған бастамалар мен тәжірибелерге ерекше назар аударылды.
Лидия Брито Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жоғары бағалап, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім саясатын ілгерілетуге қосқан елеулі үлесін атап өтті және халықаралық әріптестікті кеңейтуге мүдделілік білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ