Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қаңтар, 2016

843

Парижде қорғалған диссертация

2016 жыл Қазақстан ғылымы үшін тамаша жаңалықпен басталды – 8 қаңтар күні Парижде,  Париж-УЭСТ Нантер Ля Дефанс  университетінде Сарсикеева Гүлнәр Құсайынқызы «Мұқтар Омарханұлы Әуезовтың «Абай жолы» тетралогиясының лингво-аудармалық зерттеу» тақырыбында  докторлық PhD диссертациясын қорғады. Біздің жерлесіміз «Филология және гуманитарлық ғылымдар докторы» атағы берілді.    

Гүлнәр Сарсикеева – С. Сейфуллин атындағы  Целиноград педагогикалық институтының түлегі. 2010 жылғы 16 желтоқсаннан бастап  ол Франциядағы Париж-УЭСТ Нантер Ля Дефанс  университетінің МоДиКо зертханасында «Филология және жаратылыстану ғылымдары» мамандығы бойынша PhD докторант болып табылады. 

1978-1988 жылдары С. Сейфуллин атындағы  ЦПИ-дің француз филологисы кафедрасының меңгерушісі, 2001-2009 жылдары – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ роман-герман филологиясы кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. Қазақстанда және шет елдерде жарияланған ғылыми мақаларынан басқа Г.Сарсикеева әдеби шығармаларды қазақ тілінен француз  тіліне аударумен шұғылданады. 

Ол авторлық бірлестікте Абайдың «Қара сөздерін» (2001 ж.),  М.Шахановтың «Шаңғысханның құпиясын»  (2005 ж.), «Ер Төстік және басқалар» (2010 г.)  деген атаумен қазақ халық ертегілерін аударып, жарыққа шығаруы арқылы қазақ әдебиетінің шет елде танылуына үлес қосып отыр. 

Кейін қарай