16 Маусым, 2023
436
Парижде ЮНЕСКО ұйымының өкілдерімен кездесу өтті
Парижде ЮНЕСКО ұйымының өкілдерімен қызықты кездесу ұйымдастырылып, қазақстандық делегацияны Жастар бөлімінің жетекшісі Сурия Саад-Зой ханым қабылдады.
Кездесуге «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының Франциядағы Достық елшісі Малгоржата Оборон-Туар, Қазақстан делегациясының өкілдері, жастар көшбасшылары В.Бахретдинов, М.Хасенов, Ж.Есімсейітов, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы өкілдігінің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Ассамблея жастары» ұйымының қызметі туралы сөз болды. «Ассамблея жастары» ұйымы мен ЮНЕСКО жастар бағдарламалары арасындағы ынтымақтастық туралы өзара пікір алмастырылды.
ЮНЕСКО жастарды мәдениетаралық диалогты дамытуға, қақтығыстарсыз қоғам құруға тартумен айналысады. Жібек жолы аумағында жастар ынтымақтастығы жобасы да бар. Осы бастамалардың барлығында ЮНЕСКО командасы жастар арасында толеранттылық пен басқа халықтардың мәдениетіне құрмет көрсету принциптерін қалыптастыруды мақсат етеді.
Ынтымақтастықты кеңейту мақсатында алдағы уақытта ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілдігімен кездесулер жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті