Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қыркүйек, 2018

1661

ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНДА «ЖАЙЫҚ — ӨМІР ӨЗЕНІ» — «УРАЛ — РЕКА ЖИЗНИ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың, шығармашыл зиялы қауым өкілдері, журналистер, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты.

Авторлық ұжымның жұмысын таныстыра отырып, Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова экспедиция шын мәнінде халықтық іс-шара екенін атап өтті. Оның қатысушылары — журналистер, эколог-ғалымдар, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер мен студенттер.

Ол сондай-ақ кітап шығаруға бастамашы болған Орал өзеніндегі халықаралық тарихи-мәдени, экологиялық экспедицияның жетекшісі Елена Тарасенкоға алғысын білдірді. Кітап экспедицияға қатысушылардың, қазақстандық және ресейлік саяси және қоғам қайраткерлерінің және журналистік жарияламалардың, жол жазбалары мен очерктердің пікірлер жинағынан тұрады. Іс жүзінде бұл экспедицияның 20 жылдық шежіресі бар.

Кездесудің модераторы атап өткендей, адамдар экспедицияға қызметтік міндеті үшін емес, өз қалауларымен қатысады. Оралдың бойымен олар елді мекендерге барып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, жұртшылық пікірін білдіре отырып, өлке экологиясына байланысты мәселелерді көтереді. Осы орайда айтылған мәселелер тыңдаушының құлағына жеткенін айта кету керек. Сенатор Б. Әйтімова бұл жұмыс Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Орал трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі келісімге қол қоюмен маңызды оқиғаға айналғанын қуанышпен жеткізді.

Шараны Парламентте өткізу кездейсоқ емес: Елена Тарасенко — ІІІ, ІV және V бесінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төраға орынбасары. Е. Тарасенконың айтуынша, экспедицияның жетістігі көбінесе Қазақстан Республикасы Парламенті мен Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасы депутаттарының қатысуына байланысты.

«Қарапайым адамдардың, депутаттық корпус өкілдерінің, азаматтық қоғамның, екі елдің мемлекеттік органдарының бірігуінің арқасында Қазақстан-Ресей достығының бірегей қорытпасы қалыптасты. Ол сондай-ақ «Біздің Орал» экологиялық-туристік қозғалысы» қоғамдық бірлестігін құруға әкелді», — деді Елена Тарасенко.

Осы жылдар ішінде экспедицияны ақпараттық сүйемелдеуді БАҚ өкілдері қамтамасыз етті. ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Александр Тараков «Казахстанская правда» республикалық газеті журналистерінің экспедицияға қатысқаны туралы өз естеліктерімен бөлісті.

«Батыс Қазақстан облысы әрдайым мықты тілшілермен ерекшеленетін. Экспедицияға бұрынғы және қазіргі журналистер зор ықыласпен қатысты: Геннадий Доронин, Людмила Корина, Николай Жоров, Сәбит Малдыбаев, Мақсұт Иржанов», — деп атап өтті Александр Тараков.

Жыл сайын экспедиция маршруттың идеологиялық бағытын таңдайды. 2015 жылы ол «20 игі іс» акциясына бастамашы болған Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойына орайластырылды. Одан кейін Астанада ҚХА қамқорлығымен Қазақстанның Ұлттық музейінде «Орал — достық өзені» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Фотографтардың жұмыстарының арқасында көрермендер экспедиция шежіресінің ең жарқын, есте қаларлық шежірелерімен танысты.

Сенат депутаты Серік Бектұрғановтың пікірінше, экология мәселелері әрдайым өзекті. Адамдар мен өндіріс үшін, әсіресе аграрлық өңірлер үшін судың маңызын бағалау қиынға соғады. Ол сондай-ақ Арал теңізінің мүшкіл жағдайына назар аудартты.

«Ата-бабаларымыздан бізге мұраға суы мол өзендер мен көлдер қалған. Қазақстанда ұзындығы 10 мың шақырым болатын 7 мың өзен мен 48 мың көл бар, бұл байлықты біз қорғауымыз керек», — деді С. Бектұрғанов.

Тұсаукесер барысында Сенат депутаты Сәуле Айтпаева өз әсерлерімен бөлісті. Ол экспедиция тек елдерді, аймақтарды ғана емес, отбасын да біріктіреді деп атап өтті. Азаматтық қоғамның экологиялық мәселелерді шешуге қосқан үлесі туралы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы, бірнеше экспедицияның қатысушысы Серік Оспанов баяндады.

Кездесу соңында экспедиция жетекшісі Елена Тарасенко Парламентке, Ұлттық академиялық кітапханаға, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне кітаптар сыйлады. Бірғаным Әйтімова атап өткендей, «Жайық — өмір өзені» кітабы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасына қатысатын жергілікті мамандарға, экологтарға, ғалымдарға және жастарға пайдасын тигізеді.

Экспедициясының жетекшісі Елена Тарасенко айтып өткендей, Каспий теңізіне құятын Орал жай ғана өзен емес, бұл бүкіл аймаққа өмір беретін бұлақ, өзен, су қоймалары жүйесі. Ол Қазақстанның Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарын және Ресей аумақтарын: Орынбор, Башкирияны, Челябі облыстарын қамтиды. Жалпы өзен бассейнінде 6 миллион адам тұрады. Олардың көпшілігі үшін Орал өзені — тұрмысы, мүддесі мен үміті баланған кішкентай Отаны.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз. 

 

 

Дата события ассамблеи: 13.09.2018

Кейін қарай