25 Ақпан, 2020
1371
Павлодар: Достық үйінде бүгінгі күннің қахармандарына қошемет көрсетілді
Павлодар қаласының Достық үйінде Ұлы Жеңістің 75- жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25- жылдығына арналған «Бұл күнді адамдар ешқашан ұмытпасын» патриоттық акциясы аясында «Батырлардың ерлігіне лайық» атты салтанатты кездесу өтті.
Оның барысында полицейлерге, құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге және жедел жәрдем қызметкерлеріне қошемет көрсетілді. Бүгінгі күннің қаһармандарын соғыс жылдарының батырлары: тыл еңбеккерлері, концлагерь тұтқындары мен соғыс балалары марапаттады.
Кездесуге Қазақстан прокуратурасының генералы және құрметті қызметкері Дмитрий Фалеев, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қабидолла Шәкәрімов, өлкетанушы және Павлодардың Құрметті азаматы Эрнест Соколкин қатысты.
«Ұлы Отан соғысы жылдарында қорқынышты сынақтардан өткендер азаюда. Міне, олардың орнына жаңа батырлар, біздің заманымыздың ер батырлары келді. Олардың тамырларында соғыстан өткендердің қаны ағады. Солардың арасында Аққулы аудандық полициясының кезекші бөлімінің аға инспекторы Ғалымбек Жұмабаев бар. 2019 жылдың жазында ол кезекші ауысымнан кейін Ертіс жағасында демалыста болды. Кенеттен полиция қызметкері көмекке шақырған дауыстарды естіді. Ол ойланбастан, суға батып жатқан балаларға көмекке ұмтылды. Ғалымбек батыл әрекеті үшін облыстық биліктен, полиция және төтенше жағдайлар департаменттері атынан мадақталды.
Ал өткен жылдың ақпан айында Тереңкөл ауданында орын алған түнгі өрт кезінде мүгедек қаза бола жаздаған еді. Өрт жеріне бірінші болып келген аға сержант Маруф Мансұров пен кіші сержант Әсет Әбдіқанов алғаш болып көмек көрсетті. Тәртіп сақшылары құлыпты бұзып, жалынмен қамтылған үйге кірді. Бөлмелердің бірінде жалғыз адамды байқап, оны көрпеге орап, далаға шығарды.
Адамдардың өмірлерін күнде құтқаратын жедел жәрдем қызметкерлеріне де ерекше алғыс айтылды. Жақында павлодарлық дәрігерлер бүкіл елге танылды. Бір ай бұрын Жетекші ауылында жауған қатты қар кезінде жедел жәрдем қызметкерлеріне инфаркт болған 67 жасар пациентті екі шақырым бойы қолдарымен көтеріп алып жүрулеріне тура келді. Пациент құтқарылды, бүгінде ер адамның өміріне еш қауіп төнбейді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50