12 Қыркүйек, 2018
1019
Павлодар облысында тілдер онкүндігі аясында 150 шара өтті
Павлодарда «Тілдер онкүндігі» аяқталды.
Қазақстан халқы тілдерінің ХХ республикалық фестивалі аясында ұйымдастырылған қорытынды шарада тілдердің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев марапаттарын тапсырды.
- Қадірменді қауым баршаңызды Қазақстан тілдері күндерінің және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған тілдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймын, - деді Мейрам Бегентаев. – Мемлекеттік тілдің дамуы өз мәртебесіне лайық орын алуы өте маңызды. Мемлекеттік тілді қастерлеп үйрену қазақстанның әр азаматының парызы. Өңірімізде тұратын әрбір этнос өкілі өз ана тілімен қатар мемлекеттік тілге құрмет көрсетіп, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға үлес қосуда. Оған бүгінгі шараға жиналған түрлі этнос өкілдері дәлел бола алады.
Көп жылдар бойы еңбек етіп, тіл саясатына ерекше үлес қосқаны үшін ҚР Мәдениет және спорт министрінің «Құрмет грамотасымен» айтыскер ақын, облыстық «Желдірме» ақындар мектебінің жетекшісі - Асығат Тұрғанбек марапатталды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының «Құрмет грамотасына» Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Батырбек Қайыр ие болды.
Оған қоса, өңіріміздің бірқатар азаматтарына Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттары табысталды.
Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Сәуле Османова онкүндік аясында қалалар мен аудандарда 150-ден астам шара ұйымдастырылғанын айтты. - Бүгін Қазақстан халқы тілдерінің 20-шы республикалық фестивалі аясында облыстық «Тіл достық құралы» концерттік бағдарламасы өтуде, - деді Сәуле Османова. – Былтырғы жылдан бері Қазақстан халқы тілдерінің күні Үкіметтің қаулысымын 5 қыркүйекке бекітілді. Бұрындары осы айдың 3-ші жексенбісінде тойлайтынбыз. Бұл Ахмет Байтұрсынұлының туған күініне орай белгіленген. Облысымызда 24 тамыздан 5 қыркүйекке дейін он күндік жариялаған болатынбыз. Осы мақсатта дөңгелек үстелдер, кездесулер, концерттік бағдарламалар сынды түрлі шаралар өтті.
Сонымен қатар, тілдер онкүндігінің қорытынды шарасында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 14 этномәдени бірлестігі мерекеге орай көрме өткізді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті