11 Қыркүйек, 2018
1023
Павлодар облысының белсенді қоғамшылдары отбасы құндылықтары мен салт-дәстүрлерді насихаттауға келісті
Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің мәжіліс залында «Мемлекет отбасынан басталады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің басшылары, іскер әйелдер қауымдастығы мен Павлодар облысының саясаткер әйелдері клубының мүшелері және жастар қатысты.
Румын-молдован этномәдени бірлестігінің төрағасы А. Дяк атап өткендей, отбасы қоғамда маңызды орын алады. «Біздің ниетіміз - қоғамдық бірлестіктерді бір бағытта біріктіру. Оның негізінде отбасылық тәрбиенің құндылықтарын насихаттау – басты мақсат. Біз ажырасулар санының азаюына үлес қосып, қиын жағдайға түскен жас отбасыларға кеңес беруді күшейтуіміз керек», - деді ол.
Іс-шара барысында саясаткер-әйелдер клубының төрайымы И. Фогель өз сөзінде павлодарлық жастар көптеген жобаларға белсенді қатысатынын атап өтті. «Менің ойымша, біз іске асыратын жұмыс жүйелі, әрі жемісті. Оның жастар мен қоғам үшін берері көп»,- деді ол.
Іс-шараның нәтижесі өңірлік «Қоғамдық келісім КММ» Медиация орталығы, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі, Павлодар облысының Қазақстандағы іскер әйелдер қауымдастығы және Павлодар облысының саясаткер-әйелдерінің клубы арасында төртжақты Меморандумға қол қоюмен аяқталды.
Меморандум шеңберінде тараптар отбасы құндылықтары мен салт-дәстүрлер, отбасындағы рухани-адамгершілік тәрбие мәселелерін зерттеу, әйелдер арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша кеңес беру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен жұмыстарды ұйымдастыру, табысты отбасының тәжірибесін насихаттау жұмысын жүргізу туралы өзара келісті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті