
08 Тамыз, 2016
860
Павлодарда «Ақ орамал» республикалық акциясы бастау алды
1 тамызда Павлодарда Достық үйінің алаңында «Ақ орамал» республикалық акциясы бастау алды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін қолдай отырып, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының әйелдер қауымы бейбітшілік үшін, саналылық және сұхбат үшін, жаппай қырып-жоятын ядролық және басқа да қару-жарақ түрлерінен бас тарту үшін осындай бастама көтерді.
Ақ орамалдың қазақтардың тарихында философиялық мағынасы терең.
Ақ түс – тазалықтың белгісі, адамның ойы мен жан-дүниесінің пәктігін білдіреді; бұл – адамзат өмірінің негізі – ананың ақ сүтінің түсі; бұл – абыройдың, ізгіліктің, аманатқа адалдықтың белгісі.
«Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған: әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың жанжалды тоқтатуына себеп болған.
Іс-шараға қатысушы барлық әйелдердің сөзінде, ол депутат не жас ана, журналист немесе басшы болса да, барлығының ойы бір: біз балаларымыздың, немерелеріміздің болашағын ойлауымыз керек, сондықтан, өткеннің қателігін болдырмау үшін, бейбітшілік, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау үшін біз күшімізді, көп ұлтты елдің және бүкіл әлемнің миллиондаған адамдарының күшін біріктіруіміз керек.
Акция қатысушыларының аспанға ұшырған ақ шарлары барлық жиналған әйелдердің тілегі мен үмітін білдірген символы болды.
Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Б.Ш.Максилова Павлодар облысының қалалары мен аудандарындағы аналар кеңестерінің өкілдеріне – адамның ойы пәктігінің, аналық пен адамзат негізінің белгісі ретінде ақ орамал табыс етті. Қалалар мен аудандарда елдің барша азаматтарын «Ақ орамал» акциясын өткізуге қатыстыру арқылы олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландырып «Ақ орамал» акциясын өткізуді қолға алу керек.
А.А.Орымбаева, ЭМБ жұмысы бойынша бөлім басшысы
Мәтінді аударған Н.Х.Смағұлова
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті