
10 Желтоқсан, 2018
1329
Павлодарда Абылай ханның жақтасы болған Сұлтанмамет сұлтанға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
Павлодар қаласындағы Достық үйінде «Сұлтанмамет сұлтан: қоғамдық сананы жаңғырту және ұлттық кодты сақтаудағы ұлттық рух пен тәуелсіздіктің бастаулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Шара Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ұйымдастырылып өткізілді. Конференцияға облыс әкімнің орынбасары Мейрам Бегентаев, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары және студент жастар қатысты.
«Біздің тарихымыз ерекше құндылықтарға толы. Оны бүгінгі ұрпаққа жеткізу – әрбіріміздің басты парызымыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқының қоғамдық сана-сезімін жаңғырту жөніндегі тапсырмасын әрі қарай жалғастыруымыз қажет. Елде тарихи сырын ішіне бүккен талай жер бар. Біз өңірдегі тарихи орындарды зерттеуді әрі қарай жалғастыруымыз керек», - деді М.Бегентаев.
Келелі басқосуда тарих ғылымдарының докторы Сәуле Мамытова Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов дайындаған «Сұлтанмамет сұлтан: мемлекет қайраткері, дипломат және батыр» монографиясынан Сұлтанмамет сұлтанның қазақ жерінің аумақтық тұтастығын сақтап қалуға қосқан үлесін көруге болатынын атап өтті.
«Сұлтанмамет сұлтан дарынды қолбасшы, дана дипломат, мемлекет қайраткері ретінде қазақ елінің тәуелсіздігінің көшбасында тұратын дара тұлға. Оның өмірі мен қызметі барлық қазақстандықтарға үлгі болуға лайық», - деді ол.
Іс-шара барысында қатысушылар «Сұлтанмамет сұлтан» туралы түсірілген фильмді тамашалады. Ал Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге қол қойды.
Сұлтанмамет сұлтан тарихта Сұлтанбет деген атпен белгілі. Ол Абылай ханның немере ағасы. 1710-1799 жылдар аралығында өмір сүрген тарихи тұлға Қазақ хандығы мен Ресей арасында дипломатиялық қарым-қатынасты орнатуда сүбелі үлес қосқан.
Сонымен қатар, сұлтан Жоңғар шапқыншылығы кезеңінде Балқашта болған Шаңды жорыққа Ертіс өңірінен 50 мың қол жинап, шайқасқа аттандырған. 1771 жылғы шешуші шайқаста Сұлтанбет сұлтан Өріс, Иман және Қараш есімді ұлдарымен бірге жоңғарларды ойсырата жеңеді. Ұлдарының барлығы Ертіс өңірінде болыстарды басқарған.
Айта кетелік, бұған дейін қалада Сұлтанбет сұлтан тұрған резиденция ғимаратының көшірмесі бой көтерген болатын. Ол ПМПУ-дегі «Margulan Centre» орталығының қарамағына тапсырылған.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті