
11 Қыркүйек, 2017
1197
Павлодарда «Бір отбасында тұрамыз» жазғы фестивалінің жабылуы аясында отбасы күніне арналған квест-ойыны өткізілді
10 қыркүйек күні қаламыздың орталық саябағында «Бір отбасында тұрамыз» жылсайынғы жазғы фестивалінің жабылуына арналған мерекелік іс-шарасы өтті. Бұл күні облысымзды мекен еткен көптеген этнос өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктердің қатысушылары бір отбасындай жұмылып, жиналған қауым назарына көптеген әсем әндер мен мың бұралған билерін паш етіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, іс-шара барысында «Отбасым – алтын бесігім» атты Отбасы күніне арналған квест-ойыны өткізілді. Облыстық этномәдени бірлестіктерінің ең белсенді отбасыларының қатысуымен өткен бұл ойын облыстық ҚХА жанындағы жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің ұйымдастыруымен және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен өтті.
Сайыс ережесіне сай квест-ойыны басында әр отбасыға тапсырма және жүру бағыты жазылған конверттер тапсырылды. Әр кезеңді өткен соң командаларға жаңа тапсырмалар беріліп отырды. Сайыс барлығы 8 кезеңнен тұрды. Қатысушылар ойын кезеңдерінің әртүрлілігімен ерекшеленгенін және тапсырмалардың өте қызық дайындалғанын атап өтті. Ойын барысы спорттық шеберлікті талап ететін кезеңдермен қатар, тапырлықты да қажет ететін көптеген тапсырмаларға толы болды. Қатысушылардың бір бөлігі Қазақстан Республикасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және ЭКСПО тақырыбындағы сұрақтарға жауап берсе, екіншілері мақал-мәтелдерді қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударып, тілдерді білу шеберліктерін байқатты.
Қатысушылар тапсырмаларды орындап, кезеңдерден сүрінбей өтуге тырысып жүрген уақыт аралығында саябақ сахынасының төрінде жазғы фестивальдің үздік әндері мен билері орындалды.
Сайыс нәтижесі бойынша Пфафегут және Окоповтар отбасыларына «Ең креативті команда» ниминациясы бұйырды. Үшінші орын иегерлері Башировтар отбасына тұрмыстық техника сатып алу сертификаты, екінші орын иегері Григориаде отбасына - теледидар, ал сайыс жеңімпазы болып атанған Жанқариновтар отбасына ноутбук табысталды.
Айтпаев Мақсат
Дата события ассамблеи: 11.09.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті