04 Шілде, 2015
1006
Павлодарда чуваш мәдениетінің күні өтті
«Бір отбасында тұрамыз» жазғы фестивалі аясында, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған чуваш мәдениетінің мерекесі 4-ші шілде күні қалалық мәдени демалыс саябағында тойланды.
«Бір отбасында тұрамыз» жазғы фестивалі аясында, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына арналған чуваш мәдениетінің мерекесі 4-ші шілде күні қалалық мәдени демалыс саябағында тойланды.
Сахна төрінде әннен шашу шашылып, іс-шара конақтарына мерекелік көңіл-күй сыйланды. Фестиваль аясындағы бүгінгі думанның себептері де аз емес. Олар: ҚХА-ның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Астана күні, ал 15 тамызда чуваш этномәдени бірлестігінің құрылғанына 20 жыл толады.
Фестиваль қонақтары мен көрермендерін чуваш этномәдени бірлестігінің төрағасы Елена Ивановна Софронова мен облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев атаулы даталармен құттықтады. Этомәдени бірлестіктің мүшелеріне ізгі тілектер айтылды. Өз құттықтау сөзінде С.Қ. Жетпісбаев чуваш этномәдени бірлестігінің ұйымдастырушысы Петр Александрович Александровты ерекше атап, бірлестіктің дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Жиналған жұртшылықтың «Чуваш мәдениетінің күні» мерекесіне артқан үміті ақталды. «Сеспель» фольклорлық ансамблінің орындауындағы әндер көрерменнің көңілінен шықты. Ансамбль қатысушылары соғыс пен бейбітшілік, отан мен Астана туралы әндер айтып, мереке қонақтарын чуваш халық әндерімен, салт-дәстүлерімен таныстырды.
Чуваш халқы тәрбиелік мәні бар салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға өте бай. Ең сүйікті мерекелерінің бірі – «Уяв». «Уяв» мерекесінде ежелгі чуваш мәдениеті молынан көрініс табады. Сондай-ақ қолөнер мерекесі «Синьзе», бұйра қой мерекесі «Питравкка» кеңінен аталып өтіледі.
Чуваш халқының мәдениетімен, әндерімен және салт-дәстүрлерімен танысу арқылы павлодарлықтар оның рухани дүниесіне бойлай алды. Сол арқылы өзінің мәдениеті мен достық көкжиектерін кеңейте алды.
Павлодар облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
медиа қамту бөлімі
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті