19 Қаңтар, 2016
661
Павлодарда «Кәріс киносының күні» өтті
17 қаңтарда «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды атап өту науқанына орайластырылған «Кәріс киносының күні» атты іс-шара өткізілді. Оны ұйымдастырған «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы.
Іс-шараның бірінші бөлімінде ұйымдастырушылар кәріс халқының Жаңа жыл мерекесі «Соллальдің» ғұрыптары жөнінде жиналған жастарға көптеген қызықты мағлұмат берді. «Соллаль» шығыс күнтізбесі бойынша қаңтардың 21-нен ақпанның 21-і аралығында тойланады. Таңғы балғындық елінің халқы бұл мерекені табиғаттың жаңаруымен, көктемнің келуімен байланыстырады. Оған байланысты көне заманнан бері келе жатқан көптеген салт-дәстүрлер де бар. Мәселен, балалардың ата-аналарын мерекемен құттықтау салты «себэ» деп аталады. Кәріс халқының дәстүрі бойынша, жастар әке-шешелеріне үш рет тағзым етіп, «жаңа жылда көптеген баталар алуы» туралы тілектерін айтады.
Үлкендер оларға сый ретінде жаңажылдық «сыйлық ақша» ұсынып, даналық сөздерден тұратын «токтам» деп аталатын сөз сөйлейді. Осы ғұрыпты орындайтындар, әдетте, ұлттық киім – ханбокты киеді.
Бұл күні орындалатын тағы бір маңызды дәстүр қайтыс болған отбасы мүшелеріне қатысты. Мерекелік дастархан басында кәрістер бабалар рухынан көмек пен қорғау сұрайды. Бұл салттың аты - чхаре.
Іс-шараның екінші бөлімінде екіге бөлінген бір халықтың қасіретті тағдыры жөнінде «Выпускник» атты фильм көрсетілді. Онда кішкентай қарындасын құтқару үшін бас кейіпкер Оңтүстік Кореяға жансыз ретінде өтеді. Оңтүстік Корея үкіметі жасөспірімнің белсенді әрекетінен күдіктеніп, оны аңди бастайды. Ал өз еліндегі басшысы өзі жіберген жансыздың көзін жою үшін кісі өлтірушіні жалдайды.
Айтпаев Мақсат
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
вчера, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады