
02 Шілде, 2018
1319
Павлодарда «Ұлттық домбыра күні» аталып өтілді
Павлодарда Гагарин саябағында Ұлттық домбыра күніне орай 200-ге жуық адам бір мезетте Жаяу Мұса Байжанұлының «Құм жылан» күйін орындады.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбековтың айтуынша, шараға аудан және жергілікті өнерпаздар жұмылдырылған.
«Бүгін өңірде айтулы мерекеге орай түрлі мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылды, - - Бұқар жырау атындағы өнер және әдебиет музейінде ашылған залда жергілікті белгілі тұлғалардың 20-дан астам домбырасы қойылған. Түстен кейін көркемсурет музейінде жергілікті суретшілердің картиналар көрмесі, мәдениет және демалыс саябағында Ақсу қаласы көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы өтеді. Кешке төменгі жағажайда «Әсерлі ән сал, домбыра» атты фестиваль жоспарланған», -деді Ардақ Райымбеков.
Сонымен қатар басқарма басшысы қазақ ұлттық аспаптар ансамблі мен музыкалық колледжінің домбыра ұлттық оркестрі Елбасының қатысуымен Астанада өтіп жатқан үлкен фестивальде өнер көрсетіп жатқанын атап өтті.
Бұдан басқа, саябақта Қазақстан халқы ассамблеясы мен татар-башқұрт этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Сабантой мерекеленді.
Республикалық татар-башқұрт конгресі жастар қозғалысының төрайымы Элина Паули дүрілдеп өткен Сабантой туралы өз ойын білдірді. «Сабантойға мыңдаған адам қатысты. Оның ішінде татар-башқұрт қана емес, басқа да ұлт өкілдері қызығушылықпен қатысады. Бүгін 40-тан астам қолөнерші өздерінің жұмыстары мен ұлттық тағамдар ұсынып отыр. Қала қонақтары мен тұрғындары ұлттық асханадан дәм татып, жәрмеңкеден өзіне ұнаған затты сатып ала алады».
Бұл күні сахнада орталықтың ардагерлері мен мен оқу орнын бітірген жастарға, жас отбасыларға құрмет көрсетілді. Балаларға арналған алаңдарда түрлі ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйылықтар табыс етілді.
Ақбота Сейсенбаева
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Шымкент қаласында Ахыска түріктерінің 80 жылдығы атап өтілді
-
Шымкентте корейлер қауымдастығының 35 жылдығы атап өтілді
-
Елордада «Сабантой» мерекесі аталып өтті
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
сегодня, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Шымкент қаласында Ахыска түріктерінің 80 жылдығы атап өтілді
-
Шымкентте корейлер қауымдастығының 35 жылдығы атап өтілді
-
Елордада «Сабантой» мерекесі аталып өтті