
07 Желтоқсан, 2017
845
Павлодарда мектеп медиациясы кең насихатталуда
Осыдан бір ай бұрын, 9 қараша күні Достық үйінде өткен «Мектеп медиациясының маңызы» атты семинар барысында Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, Павлодар облыстық соты мен облыстық білім басқармасы арасында бекітілген меморандум шеңберінде облыста мектеп медиациясын дамыту бойынша бірнеше ұсыныстар талқыланған болатын.
Бұл жиын нәтижесінде облыста мектеп медиациясын кең насихатталуына бағытталған жұмыс тобы құрылды. Топқа Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мамандары, сонмен қатар Павлодар облыстық және арнайы ауданаралық кәмелет жасқа толмағандар істері соттарының судьялары, Павлодар қаласының прокуратурасы, Павлодар облысының ІІМ ювиналды полициясы бөлімінің мамандары, білім беру басқармасының өкілдері мен кәсіби медиаторлар еңгізілген болатын. Жұмыс тобымен «Мектем – даудамайсыз аймақ» атты пилотты жобаны іске асыру жоспары талқыланып, іске асыру форматы қарастырылды. Пилотты жобаны іске асыру үшін Білім беру басқармасы 8 оқу орнын ұсынған болатын. Олардың қатарына 5 мектеп (№4, 14, 18, 19, 36) және 3 колледж (темір жол, монтаж және құрылыс) енді. Пилотты жобаны тиімді іске асыру үшін оқу орнының әрқайсысына бір кәсіби медиатор мен судья бекітілген болатын.
Сонымен қатар, жобаның басты мақсатының қатарына оқу орындарының басшылары мен тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорларының орынбасарларына, жалпы жұмысы барысында жастар ортасында туындайтын қарама-қайшылықтарды шешумен айналысатын педагогдарға ақпараттық семинар ұйымдастырылды. Семинар қатысушыларына медиация институты жөнінде жанжақты ақпарат берілді.
6-шы желтоқсан күні Павлодар қаласының барлық мектептері мен колледждерінде біріңғай медиация күні жоспарланым өткізілді. Бұл жобаға барлығы 10 мыңнан астан оқушы атсалысты. Бұл күні медиаторлар мен судьялар оқушылардың әлемдегі және Қазақстандағы медиацияның дамуы бойынша сауатын ашып, балаларға дауласып сотқа жүгінуден гөрі келліссөз арқылы ортақ шешімге келудің әлдеқайда тиімді екендігін түсіндірді. Сондай-ақ балалар мектеп медиациясының Ұлыбританиядағы даму бағыттарымен танысты.
О.Николашина,
«Қоғамдық келісім» КММ
Медиация орталығының басшысы
Дата события ассамблеи: 07.12.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Алматы қ. ҚХА Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен ҚР ІІМ курсанттары ҚР спорт шеберлерімен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті
-
ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады