
26 Мамыр, 2016
862
Павлодарда облыстық ҚХА ХХІІ сессиясы өтті
20 мамырда «Қоғамдық келісім» КММ-де облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты ХХІІ облыстық ҚХА сессиясы өтті. Сессия жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Сонымен қатар, сессия жұмысына облыстық, қалалық және аудандық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық ҚХА төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауов облыстық ҚХА қызметін қортындылай келе, өзінің баяндамасында: «Өткен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы ретінде мәңгілік тарихта қалады. Оның 20 жылдық қызметі Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев таңдаған үйлесімді этносаралық қатынастар құру векторы нақты жемісін әкелетінін сендіре дәлелдейді. Бұл, бүгінгі таңда саяси тұрақтылық, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік – қазақстандық өмір салтын білдіреді, ал этностық, мәдени және дін әралуандылығы жасампаздық пен даму ресурсына айналды» - деп атап өтті.
Г.Әбдіқалықова өзінің сөзінде «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің идеяларына тоқталды. «Патриоттық актіні қабылдау – бұл тек азаматтық бірлесудің жай символы емес, бұл болашақ ұрпақ алдындағы ізгі борышын сезіну және бейбітшілік, келісім мен бірлік негізінде еліміздің тұрақты дамуы, көркеюі үшін барлығын жасау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеялардың рухани құндылықтарында және азаматтық принциптерінде ұлт бірлігінің болашағы қалыптасып және қазақстандық біртектілік нығайтылатын болады. Әлемдік экономикалық турбулент жағдайларында тек айрандай ұйып отырған ұлт қана өз тағдырын өзі анықтап, болашағын өзі құруға қабілетті», - деді ол.
Қазіргі уақытта өңірде 24 облыстық және 84 облыс қалалары мен аудандары этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді. Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында Ақсу қаласында 3 облыстық – белорус, өзбек және румын-молдаван этномәдени филиалдары ашылды
«Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде: 2 фольклорлық, 23 вокалдық-хор, 1 драмалық, 2 аспаптық, 18 хореографиялық ұжым жұмыс жасайды. 3 ұжым «Халықтық» атағына ие: «Украин халықтық қоры; Казактардың халықтық хоры, «Воля» казактар әнінің халықтық ансамблі.
Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде 17 ұлттық бөлімше мен 2 мәдени орталық жұмыс істейді. Жыл сайын мектепке 500-ден аса оқушы келеді. Онда балалар мен жастар этностардың мәдениетін, салт-дәстүрін және тілін үйренеді.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы қоғамдық бірлестіктер де: ҚХА жанындағы қоғамдық келісім кеңесі (төрағасы Әбдіқалықов И.Б.), ҚХА жанындағы отбасындағы толеранттылық мәселелері жөніндегі аналар кеңесі (төрайымы Максилова Б.Ш.), «Ақсақалдар алқасы» ақсақалдар кеңесі (төрағасы Галеев М.Х.), ғылыми-сараптамалық топ (төрайымы Мамытова С.Н.- тарих ғылымдарының докторы, профессор), журналистер клубы (төрағасы Омаров М.М.), жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі (төрайымы Паули Э.С.) өз жұмыстарын жалғастыруда.
2015 жылы облыстық этномәдени бірлестіктер мен «Қоғамдық келісім» КММ 200 мыңнан астам адамның қатысуымен, өңірде қоғамдық-саяси жағдайлардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған 300-ден астам іс-шара және акциялар өткізді.
Облыстық этномәдени бірлестіктер де қайырымдылық бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. «Қайырымдылық керуені» және «Қамқорлық» қайырымдылық акцияларын жүзеге асыруға қатысады.
Елбасының тапсырмасы бойынша облыстық ассамблеяда медиативтік жүйе құрылды. Облыс қалалары мен аудандарында, ауылдық өңірлерде 43 қоғамдық бірлестіктер, отбасындағы толеранттылық мәселелері бойынша 21 аналар кеңесі құрылды.
Облыстық радио эфирінде апта сайын “Казахстан в современном мире”, “Казахстан – наш общий дом”, “Қазақстан бүгінгі таңда”, облыстық «Қазақстан-Павлодар» телеарнасында “В семье единой”, «Ортақ шаңырақ астында» атты бағдарламалар айына бір рет шығып тұрады. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Достық үйінің және көптеген этномәдени бірлестіктердің сайттары жұмыс істейді.
Сессия ашылар алдында дәстүр бойынша Достық үйінде қолөнершілер мен шеберлердің жұмыстары көрсетілген халықтық шығармашылық көрмесі ашылды.
2016 жылғы сәуірдегі ҚХА XXIV сессиясында «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Ұлттық мұражайда Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне арналған көрме залы ашылды. Осыған ұқсас қуанышты жәйт, облыстық ҚХА сессиясы өткен күні Павлодарда Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайында облыстық ҚХА тарихына арналған экспозиция ашылды.
Айтпаев Мақсат
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті