
05 Қыркүйек, 2016
1248
Павлодарда поляк мәдениетінің күні өтті
Өткен демалыс күні орталық саябақ әдеттегідей қонақтарға лық толды. Өзінің фестивальдік бағдарламасын облыстық «Полония» этномәдени бірлестігі Қазақстан Респудбикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнады.
Павлодарлық поляктардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне қосқан үлесі ерекше. Оларлың арасында атақты дәрігерлер, ғалымдар мен бизнесмендер бар. Қазіргі таңда «Полония» түрлі іс-шаралар барысында халық шығармашылығын насихаттауға баса назар аударуда. Осындай іс-шаралардың бірі «Бір отбастында тұрамыз» жазғы фестивалі болып табылады.
Биылғы жыл Қазақстандық поляктардың депортацияға ұшырауының 80-жылдық датасымен ерекшеленеді. 1936-1939 жылдар аралығында елімізге 190 мыңнан астам этникалық поляк депортацияланды. Сол сұрапыл жылдары олар қиын-қыстау күндерді бастарынан өткізді. Сақталған құжаттардағы мәліметтерге сүйенсек, өңірді мекен еткен жұртшылық оларды жақсы қарсы алған, сол себепті болар, депортацияланғандардың көпшілігі болашақ өмірлерін Қазақстанмен байланыстырды. Өз сөзінде «Полония» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Свинцицкий Виталий Зифридович поляктар қазақтардың сол жылдардағы көрсеткен қамқорлықтарын ешқашан ұмытпайтынын атап өтті.
Сондай-ақ, ол 23 тамыз күні Польшада Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен бизнес-форум жөнінде сөз қозғалды. Кездесу барысында айтылған Н.Ә. Назарбаевтың сөзінше Польша – Қазақстан үшін Еуроодақтағы ең сенімді саяси және экономикалық серіктесі болып табылады. Виталий Зифридович осы іс-шара төнірегінде бірлестіктің «Сырэны» әйелдер вокалдық тобы Любань қаласының басшылығынан шақырту алғанын қуанышпен жеткізді. «Сырэны» вокалдық тобы Любань қаласының тұрғындарына үлкен концерттік бағдарлама ұсынған болатын. Олар бұл бағдарламаның үзіндісін жазғы фестиваль қонақтарына да көрсетті.
Фестиваль қонақтарына ұйымдастырушылар бай әрі қызықты бағдарлама ұсынды. Концертке «Нарциз» жастар вокалды-хореографиялық ұжымы, «Ягудки» балалар вокалдық тобы және «Сырэны» вокалдық тобы белсенді түрде атсалысты.
Поляктарды әлемге танытқан өнерлердің бірі – би болып табылады. Осындай тамаша билердің қатарында полонез, краковяк, оберек және куявяк билерінің орны ерекше. Этномәдени бірлестіктердің бишілері бұл өнердегі жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, поляк халқының ұлттық киім үлгілерімен де жұртшылық ықыласына ие болды.
Бағдарлама барысында «Полония» таланттарға бай екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бірлестік құрамындағы өнерпаздар репертуарындағы салттық әуендер поляк халқының бай тарихынан сыр шертті. «Нарцыз» вокалдық ансамблінің қатысушылары «Siadaj nie gadaj» деп аталатын үйлену тойы кезінде айтылатын тамаша әнімен көзге түсті. Сонымен қатар, ерекше дарын иелерінің қатарына Елена Крицкаяны жатқызуға болады. Оның өнері Польшадағы жұртшылықты тәнті еткен болатын. Фестиваль барысында да барлық тамаша сәттер қайталанды! Әншінің «Мен сенің бейнеңді көремін» атты поляк тіліндегі әнінен кейін фестиваль қонақтарының қошеметін көрсететін ду қол шапалақ көпке дейін үзілмеді.
Мақсат Айтпаев
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы