29 Қараша, 2018
1801
Павлодарда украин этномәдени бірлестігінің 25-жылдығы үлкен мерекелік бағдарламамен аталып өтті
Павлодар қаласының «Достық» үйінде «Т.Шевченко атындағы украин мәдениеті серіктестігі» облыстық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына орай мәдени шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Салтанатты шара барысында облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев бірлестік ұжымын айтулы оқиғамен құттықтап, аймақ басшысының арнайы Алғыс хатын табыс етті.
«Егер өткенді еске алып, тарих беттеріне үңілер болсақ, бірлестік өте қиын кезде құрылды. Бірақ соған қарамастан украин бірлестігінің өкілдері ұрпағы үшін өз елінің мәдениетін, тарихын, тілін сақтай отырып, Қазақ елінің татулығы мен бірлігіне, елдегі атқарылған өзекті мәселелерді жүзеге асыруда аянбай үлес қосып келеді. Алдағы уақытта да біз сіздермен бірлесіп, ортақ мүддеде жұмыс атқара береміз деп сенемін», - деді М. Бегентаев.
Мерекелік концерт барысында Украин елінің ұлттық салт-дәстүрлері көрсетіліп, әндері шырқалды. «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» дей отырып, «Т.Шевченко атындағы украин мәдениеті серіктестігі» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Михаил Парипса орталықтың атқарған істеріне тоқталып өтті.
«Біз бақытты елде өмір сүрудеміз. Әлемнің өзге жерлерінде болып жатқан алапат соғыс пен ұлтараздық қақтығыстар бізді айналып өтуде. Оған жол да берілмейтіні анық. Қазақстанды мекен ететін әр ұлт өз тілін ұмытпай, салт-дәстүрін жаңғыртуға мүмкіндік алып отыр. Мұндай жақсылықты тек қазақ халқы қана жасай алады. Біздің бірлестік 1993 жылы құрылды. Содан бері украин халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және мәдеиетін жаңғыртумен қатар өңірдегі ұлттар достығы мен өзара келісімді нығайтуға қомақты үлес қосып келеміз, - деп атап өтті М. Параписа.
Тарих беттеріне үңілер болсақ, 1956 жылдан бастап украиндар тың және тыңайған жерлерді игеруге, кейін Павлодар-Екібастұз өңіріндегі өндірістік саласына атсалысу мақсатында қоныс аударды. Бүгінгі таңда өңірдегі украин ұлты өкілдерінің саны 40 мыңға жуық. «Т.Шевченко атындағы украин мәдениеті серіктестігі» облыстық қоғамдық бірлестігінің Екібастұз, Ақсу қалалары, Ақтоғай, Қашыр, Шарбақты, Успен, Павлодар аудандарында филиалдары жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті