27 Тамыз, 2019
1899
Павлодардағы ҚХА паркінде шешен-ингуш халқының мәдениеті күні аталып өтті
Павлодардағы Қазақстан халқы Ассамблеясы паркінде «Бір шаңырақ астында» атты жылсайынғы этникалық мәдениеттер фестивалі аясында шешен-ингуш халқының мәдениеті күні өтті.
Іс-шара Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен және «Халкъан Барт» облыстық шешен-ингуш этномәдени орталығымен ұйымдастырылды.
Бұл күні мерекелік бағдарламаға бірлестік құрамындағы көптеген шығармашылық ұжымдардың әсерлі орындаулары енді. Жиналған қауым назарына «Илли» вокалдық ұжымының, «Ловзар», «Даймохк», «Башлам» би ансамбілдерінің және «Фирдаус» дуэтінің әдемі әндері мен мың бұралған билері ұсынылды.
Өз сөзінде орталықтың төрағасы Абдурашид Мумади барлық жиналған қауымды және бірлестіктің қатысушыларын шешен-ингуш мәдениеті күнімен құттықтап, бейбіт өмір мен ашық аспан тіледі.
Шығармашылық ұжымдардың ең белсенді қатысушылары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, Абдурашид Мумади шығармашылық ұжымдардың көркемдік жетекшісі, ұлттық жаңғыру мектебінің шешен-ингуш бөлімінің оқытушысы Алима Макитоваға көпжылдық жемісті еңбегі үшін жиналған жұртшылықтың алдында ерекше ризашылығын білдіріп, облыстық ҚХА хатшылығы атынан дайындалған алғыс хатты табыстап, алдағы уақытта да үлкен шығармашылық табыстар тіледі.
Айта кету керек, «Халкъан Барт» облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігі 1995 жылы құрылған. Бірлестікке қатысу арқылы тарихи отанынан алыста жүрген шешендер мен ингуштарға салт-дәстүрлері мен мәдениетін, тілі мен дәстүрлерін жаңғыртуға, елдегі бейбітшілік пен бірлікті дамытуға, мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қазақстандық патриотизмді дамытуға зор мүмкіндіктерге қол жеткізіп отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша бірлестіктің басты мақсаты – шешен-ингуш халқының игі дәстүрлерін бойына сіңірген ұрпақты тәрбиелеу. Бұл міндеттерді іске асыруда облыстық Достық үйінде орналасқан Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің маңызы ерекше зор. Мұнда балалар өз халқының тілін, сал-дәстүрлері мен мәдениетін үйреніп қана қоймай, бір-бірімен дос болуға, бейбітшілікте өмір сүруге, жетістіктеріне ортақтасып, қуануға машықтанады.
Әндер мен билерді үйрене отыра балалар вайнах халқының мәдениетімен танысады. Ал олардың сахна төріндегі орындаулары әрқашан ерекше әсерлі болып келеді. Қазіргі таңда олар үйренгендерін мектеп, қала, облыс деңгейлерінде өтетін көптеген мерекелік бағдарламалар аясында жұртшылыққа паш ету мүмкіндігіне ие болып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
вчера, 18:28