13 Қазан, 2021
858
Павлодарда Зара Қожахметоваға мемориалдық-тақта ашылды
Павлодар қаласының № 10 дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясында Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Павлодар облысының құрметті азаматы - Қожахметова Зара Қабдышқызына арналған мемориалдық-тақта ашылды. Маңызды шараға облыс әкімінің орынбасары А. Құрманова қатысты.
Ұлағатты ұстаз Алматы қазақ мемлекеттік педагогика институтын (қазіргі Қыздар институты) аяқтағаннан, 1962-1991 жылдары №10 Абай орта мектебінде алғашында география пәнінің мұғалімі, кейін директордың тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
З.Қожахметова 1991 жылдан бастап «Облыстық мұсылман әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып сайланды. Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары салт-сананы жаңғырту, жастарға ұлттық тәрбие беру, әдет-ғұрыптарды дәріптеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Кейін «Мұсылман әйелдер лигасы» бірлестігі өңірлік ассамблея құрамына енді. Ақ жаулықты әжелерден құрылған «АРУ АНА» әжелер хоры, «Жеңеше» би ансамбілінің атағы облыс жұртшылығына кеңінен танымал болды. Ұмыт бола бастаған «Наурыз», «Қыз ұзату» «Қымызмұрындық» сияқты игі дәстүрлер барлық мемлекеттік мекемелерде, тіпті жетімдер үйі, қарттар үйінде насихатталып, «Қыз сыны», «Келіндер сыны» байқауы жаңа форматта өтті.
Бүгінгі күні Тәуелсіз елдің жастары Зара Қожахметовадай анамызды ұлықтап, келер ұрпаққа сапалы тәрбие беру мақсатында атқарылған еселі еңбекті бағалауы керек. Шараның келесі бөлімінде З.Қожахметова атындағы география пәнінен өткен олимпиадаға қатысып, жүлдегер атанған озат оқушылар марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА ҚХА СТУДЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті