07 Тамыз, 2025
209
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өңірдегі этномәдени бірлестіктер мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының жетекшілерімен, жастармен және еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесу өткізді.
Сапар барысында басты назар Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтар жылын ілгерілетуге бағытталған бастамалар, өңірдегі қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталды.
Достық үйінде «Жас еңбеккер – ел үміті» атты форум өтті. Жиында жұмысшы мамандықтарды дәріптеудегі ҚХА-ның рөлі, жастарды азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу, оларды өндірістік үдерістерге тарту, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, кәсіпорындарда шеберлік сабақтары мен экскурсиялар ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Этномәдени бірлестіктер басшыларымен өткен кездесуде өңірдегі этносаралық келісімді нығайту, жанжалдардың алдын алу және этномедиация саласына жаңа тәсілдерді енгізу мәселелері қозғалды. Этномәдени бірлестіктердің азаматтық бірегейлікті қалыптастыруға және әлеуметтік бастамаларды іске асыруға белсенді атсалысуының маңыздылығы атап өтілді.

Сапардың маңызды бөлігі «Ассамблея жастары» қозғалысы белсенділерімен кездесуге арналды. Жастардың бастамаларын қолдау, волонтерлік қызметті дамыту, техникалық мамандықтарға баулуға бағытталған білім беру жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сапар аясында Марат Әзілханов Павлодар қаласындағы Д.Д. Махмудов атындағы трамвай басқармасының ұжымымен кездесті. Аталған мекеме - ҚХА-ның жастарды жұмыспен қамту жөніндегі жобасының серіктесі. Кездесу барысында кәсіпорынның әлеуметтік маңызы бар бағдарламаларға қатысуы, этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылы және жұмысшылардың қоғамдық өмірге тартылуы мәселелері сөз болды.
Мектеп оқушыларының жазғы еңбекпен қамтылуын қолдау - жас ұрпақты еңбек арқылы тәрбиелеудің, жауапкершілік пен кәсіби бағдарды қалыптастырудың тиімді құралы ретінде ерекше аталып өтті. ҚХА мүшесі В.Берковский үйлестіретін бұл жоба мыңдаған жасөспірімге алғашқы еңбек дағдыларын алуға мүмкіндік берді.

Павлодар облысы ҚХА-сының бастамасымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Қара сөздер» аудио жинағы таныстырылды. Бұл жинақ енді Павлодар қаласындағы трамвайларда шырқалып, рухани мұраны күнделікті өмірде насихаттаудың, мәдени контентті цифрландырудың жарқын үлгісіне айналмақ.

Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қонаев қаласындағы Достық үйінде Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы активімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Астана қаласындағы корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Евгений Цоймен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА «Шаңырақ» кафедралары қауымдастығымен және ҚХА кафедрасының өкілдерімен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы Акбаржон Исмаиловпен кездесті
9 Ақпан, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
9 Ақпан, 18:31
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
5 Ақпан, 18:45
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
4 Ақпан, 18:08
Астана қаласындағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер активімен Конституциялық реформаны талқылауға арналған кездесу өтті