07 Қыркүйек, 2016
842
Павлодарлықтар «қауын мерекесін» атап өтті
Павлодарлықтар үшінші жыл қатарынан «қауын мерекесін» атап өтуде. Мерекені әдеттегідей «Ситораи Сомон» облыстық тәжік этномәдени бірлестігі ұйымдастырды. Іс-шараға облыстық ҚХА мүшелері, орталық саябақтағы демалушылар және қала қонақтары қатысты.
Қазіргі таңда облыста жарты мыңнан астам тәжік ұлтының өкілдері мекен етуде. Осыған қарамастан 2013 жылы павлодарлық тәжік ұлтының зиялы қауым өкілдері өздерінің этномәдени бірлестігін құрға ниет білдірген болатын. Көп ұзамай «Ситраи Сомон» атты облыстық тәжік этномәдени бірлестігі дүниеге келді. Бүгін де Гулов Хусайн Шомахмадұлының басшылығымен жұмыс жасап келе жатқан бұл ұйым түрлі іс-шаралар барысында өңір халқын өздерінің мәдениетімен таныстыруда.
Ежелден келе жатқан тәжік халқының мәдениеті ерекше бай болып табылады. Қауын мерекесі тойланатын күні таң ата салысымен «карнай» деп аталатын ұлттық аспап үні халықты елді мекеннің орталық алаңына жинайтын болған. Бұл күні дихандар өздерінің жетістіктерін көрсете отырып, бұл жемістің ең ірі әрі ең дәмді үлгілерін алаңға әкелген. Әрбір адам өзіне ұнаған қауынның бір тілімін алып, дәмін татқан.
Іс-шара жүргізушілері бақша өсімдігінің көптеген пайдалы қасиеттеріне тоқтала отырып, піскен жемісті қалайша дұрыс таңдау керек екендігіне де тоқталды. Олардың айтуынша қауын адамды жасартады, оның терісін қалпына келтіреді және, ең бастысы, адамның көңіл-күйін көтереді!
Қонақжайлылық Шығыс елдері халықтарының ең басты қасиеттерінің бірі болып табылады. Сол себепті, ежелден келе жатқан салтқа сай мереке ұйымдастырушылары келген қонақтарға кең дастархан жайды. Мерекеге орай тәжік аспазшылары орталық саябақта үлген қазанда нағыз тәжік палауын дайындады. Палау мен хош иісті кауын барлық көрерменге таратылды.
Тәжік халқының ежелден сақталған салтына сай, қауыннан дәм татқан адамдар оны өсірген, баптаған және жинаған дихандарға алғыстарын білдіреді. Ал Павлодардағы мереке ерекше болды. Өйткені шексіз алғыстар қауынды өсірген дихандармен қатар, бұл керемет жемістен дәм татқандарға да білдірілді!
Бұл күні «бақша ханшайымы» қауынға арнап Якуб Джабинов пен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің маманы Алиша Османова әннен шашу шашты. Сонымен қатар мерекелік бағдарламаға Достық үйінің Нұрлан Беков басшылық ететін би ансамблі де белсене атсалысты. Олардың орындауындағы әдемі тәжік билері барша көрермендердің көңілінен шықты.
Мақсат Айтпаев
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
вчера, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті