Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қараша, 2016

1110

Петропавл қаласында «25 жұлдызды күн» акция бастау алды

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 тұғыры»  25 жұлдызды күн акциясы басталды.

Петропавл қаласының Спорт сарайында бастау алған акция  Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының флеш-мобымен басталды. Іс-шараға қатысқан Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов жиналған қауымды ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.

Қаламыздың құрметті қонағы – Иванова Нэлли Александровна, облыс белсендісі Думан Зикирин Қазақстан халқына үндеу оқып, президентіміз Н.Ә. Назарбаевқа еліміздегі бейбітшілік пен келісім үшін алғыстарын  білдірді.

Іс-шара барысында Ерік Хамзаұлы «Тәуелсіздік құрдастарының тілектері» кітабын Думан Зикиринге табыс етті. Кітапта барлық өңірдегі тәуелсіздік құрдастарының тілектері жазылған.

 Біздің ұрпақ үшін тәуелсіздік – халқымыз үшін мол бақыт, баға жетпес қазына. Тәуелсіздіктің арқасында ірі жеңістерге жеттік. Ширек ғасыр ішінде Қазақстанда жалақы 17,6 есе өсті, қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 4,4 есе көбейді. 25 жыл ішінде Қазақстанда баланы тууға берілетін жәрдемақы 7 есе көтерілген. Соңғы 17 жылда жұмыссыздықтың деңгейі 2,7 төмендеген. Осындай нәтижеге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында қол жеткіздік.

Кейін қарай