Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қыркүйек, 2015

756

Петропавл қаласында Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері үшін аймақтық семинар-тренинг өткізілді

2015 жылдың 23-25 қыркүйегінде Петропавл қаласында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында «Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік-құқықтық тетіктер және халықаралық стандарттар» тақырыбындағы 3 күндік аймақтық семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырады.

2015 жылдың 23-25 қыркүйегінде Петропавл қаласында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында «Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік-құқықтық тетіктер және халықаралық стандарттар» тақырыбындағы 3 күндік аймақтық семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырады.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, Діндерді зерртеу орталықтары қауымдастығының басшысы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

 

Іс-шараға тыңдаушылар ретінде Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілері, ішкі саясат басқармалары мен бөлімдерінің, жастар саясаты, дін істері, тілдерді дамыту, мәдениет, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру басқармаларының басшылары мен мамандары, өңірлік өңірлік ҚХА хатшылықтарының меңгерушілері мен мамандары, құқық қорғау органдарының, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, ҚХА ҒСТ мүшелері, БАҚ өкілдері, этномәдени, діни, жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Семинар барысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудағы жаңа міндеттер, мемлекеттік этносаясаттың басым қағидалары, қазақстандық сәйкестілікті нығайтудың тетіктері түсіндірілді. Пікірталас алаңдарында қатысушылар мемлекеттік этносаясат пен этносаралық қатынастарды құқықтық қамтамасыз ету міндеттерін іске асыру бойынша пікірлерін білдіріп, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, «Мәңгілік Ел» идеясының мәдени-философиялық негіздері, Орталық Азиядағы этноәлеуметтік үдерістер және олардың қазақстандық ахуалға ықпалы талқыланды.

 

Семинар бағдарламасында мынадай өзекті тақырыптағы тренингтер де қамтылған: «Культтердегі әлеуметтік-психологиялық арбау технологиялары және оларға қарсы тұру әдістері», «Этносаралық қатынастарды нығайтудағы азаматтық сектордың рөлі», «100 нақты қадам» Ұлт жоспары: азаматтық сәйкестілікті қалыптастыру», «Зайырлы мемлекет және діни сенім бостандығы: өзара әрекеттесу тетіктері».

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Абылай хан резиденциясы» мұражай-кешеніне, облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат түріндегі көшпелі сабақтар ұйымдастырды.

Семинар-тренинг бағдарламасына қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Кейін қарай