
24 Мамыр, 2017
940
Петропавл қаласында ІІ Қайырымдылық балы өтті
Қазақстан халқы ассамблеясының XXIV сессиясында Қ.Р. Президенті Н.Ә. Назарбаев Ассамблея еліміздегі қайырымдылық қызметінің басты үйлестірушісі екенін атап өтті.
Қазақстан тарихында алғаш рет «Қайырымдылық туралы» Заң қабылданды.
Ассамблея елімізде қайырымдылықты дамытуға жәрдем беру, қайырымдылық саласында үйлестіру және өзге де қолдау көрсету заңнамалық өкілеттіктеріне ие болды.
2016 жылғы 20 мамырда «Қайырымдылық керуені» жалпы ұлттық акциясы аясында Петропавлда І Қайырымдылық балы өтті.
Іс-шара барысында 1 млн 844 мың теңге жиналды. Бұл қаражатты біз Андрей Авдеюктің бас миына жасалған «КиберНож» операциясына толығымен төледік және қатты ауыратын балалар бар 4 отбасыға қаржылай көмек көрсеттік.
Бұл іс-шара қаламыз үшін жақсы да игі дәстүр болып қалыптасуда, 2017 жылғы 19 мамырда «Түркістан» мейманхана кешеніндегі «Ақ тілек» мейрамханасында «Қоғамдық келісм» КММ, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы серіктестермен бірлесе отыра, ІІ қайырымдылық балын ұйымдастырды.
Залға кіре сала, өзіңді ертегі әлемінде сезінесің. Бас демеуші «Авторское агентство GERA» жасаған сәнді безендіру көңілден шықты. Гүлдердің хош иісі, софит жарығы, оркестрдің музыкалық сүйемелдеуі қонақтарды ХІХ ғасырға көшірді.
Іс-шараға өткен балдың кейіпкерлері келді. Қызын оңалтуда қаржылай көмек алған Шараповтар отбасы көмек пен ықыластық үшін алғыс сөздерін білдірді. Жеті айлық Настяға бүйрегін ауыстыру бойынша операция жасалды. Бүгінде оның денсаулығы жақсы, өз ата-анасына қуаныш сыйлауда. Андрей Авдюктің анасы көз жасын тыя алмады, ұйымдастырушыларға қолдау көрсеткендері үшін рахмет айтты. Жиналған қаражатты Андрейдің бас миына жасалған операциясына толығымен төледік. Бұл сәтте қонақтардың да көңілі жібіді, өйткені көбі бұл балаларды құтқару тарихымен таныс еді.
Бал жайқалған лотостан шыққан кішкентай ханшайымдардың әдемі биімен басталды. Ал дебютанттардың алғашқы биі салтанатты полонез болды. Той көйлектерін киген сұлулар сымбатты жігіттермен бірге шыр айналды. Вальстың тамаша болғанын айтсаңшы! Көрермендер дебютанттардың көркемдігі мен әсемдігіне таң қалды. Концерттік нөмірлер қонақтармен би билеуге ұласты: қара - жорға, сертаки, ледка - енька, ручеёк және московская кадриль қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлады.
Әсерлі билерден кейін қайырымдылық аукционы бастау алды. Оған бес лот қойылды. Олардың ішінде ең құндылары: жеңімпаз Винченцо Нибалидің және олимпиада чемпионы, жерлесіміз Александр Винокуровтың қолтаңбасы қойылған Джиро Д’Италия гранд турынан футболка, WBA нұсқасы бойынша Монте-Карлода жеңіл салмақта уақытша әлем чемпионы атағын алған кезде киген Жанат Жақияновтың қолғабы, «Құлагер» хоккей командасының киім үлгісі, сондай-ақ «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кіретін командалардан лоттар. Ойын қызықты болды, Жанат Жақияновтың қолғабы үшін бірнеше меценат тартысты. Қорытындысында лот 600.000 теңгеге сатып алынды, сатып алушы әзірбайжан этномәдени орталығының төрағасы Тахир Гусейновке қолғапты чемпион өзі жеке табыстады.
Бал аяқталуға жақындады және есептеу комиссиясы қорытынды жасады. Дебютанттарды құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтарымен марапаттап, ұйымдастырушылар жиналған сомманы жариялады. Бұл сәтті бәрі күтті, себебі кішкентай бүлдіршіндер өмірін құтқару шешілмек. Үш миллион жүз алпыс тоғыз мың! Бұл сома Иван Зологиннің, Илья Пугачтың және Диана Бейсенбаеваның еміне жұмсалатын болады. Әр баланың халі ауыр. Ваня Зологин 4 жаста ғана. Ода туа біткен екі бүйректің гипоплазиясы. Бүйрегін ауыстыру қажет, әкесі донор болмақ. Ванечка өте белсенді және ақкөңіл бала. Ваняның анасы көп жыл бойы өз ұлының өмірін құтқару үшін осы соманы жинау үстінде.
Диана Бейсембаева тағдыр тәлкегіне ұшырап, өзінің 14-туған күнін Мәскеудегі аураханада өткізді. Қауіпті диагноз – бас миындағы қатерлі ісік! Ол қазір ессіз жатыр… Илья Пугачта рецессивті остеопетроз, ол 6 жаста. Сүйек кемігін ауыстыру керек. Илюша өте зерек бала. Күннен күнге көру және есту қабілеті нашарлауда…
Әр қатысушы бұл балалар үшін сиқыршыға айналды. Және қайырымдылық балы - бұл күшіміздің бірлікте екендігіне, бірге ғажайып іс жасайтындығымызға дәлел.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті