Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қараша, 2016

783

Петропавл қаласында «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» акциясы өтті

«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» 25 жұлдызды күн аясында Петропавл қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі»  жалпы республикалық акциясы өтті.

Дөңгелек үстел форматында өткен іс-шараға  М. Қозыбаев ат. СҚМУ экономика және құқық тарихы факультетінің деканы Зәуре Картова, отставкадағы судья, заң ғылымдарының кандидаты   Инесса Куанова, "Содружество" Медиация және құқық орталығы» ҚБ басшысы  Галина Пехотина, ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер, жастар ұйымдарының өкілдері, БАҚ қатысты.

Аталған кездесудің басты мақсаты – құқықтық мәдениетті қалыптастыру, халықтың құқықтық сезімін, Негізгі заңды құрметтеу, сонымен қатар көп этностық, көп мәдениетті ел ретінде Қазақстан үшін мақтаныш сезімін дамыту. 

Дөңгелек үстел модераторы   «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әсемгүл Есқожа  болды. Ол өзінің «Ассамблея народа Казахстана – гарант единства народа Казахстана» баяндамасында тәуелсіз мемлекетті қалыптастырудағы Ассамблеяның рөлі мен басты мақсаттарына тоқталды.

Зәуре Картова Қазақстан Конституциясының дамуы, ондағы өзгерістер мен міндеттер жөнінде айтты.

Қазақстан Конституциясындағы маңызды аспектілердің бірі – ҚР сот билігінің негіздері. Бұл жайында Куанова Инесса сөз қозғады. «Азаматтық процестік кодекстегі өзгерістер өз жемісін берді. АПК негізгі тараулары – үш сот инстанциясы. Бұған дейін ол бесеу болған, қазір үшеу, бұл сот ісінің үдерісін барынша  жылдамдатады. Сондай-ақ татуластыру рәсімдерінің жаңа түрі – медиацияны енгізу маңызды өзгеріс болды», - деді ол.

«Равные права – равные возможности: о деятельности этнокультурных объединений СКО АНК» тақырыбында  «Видергебурт» Солтүстік Қазақстан облыстық неміс этномәдени орталығы» ҚБ төрайымы Эльвира Ковзель сөйледі.

Жастар қауымы үлкен белсенділік танытқан қызықты іс-шара соңында қонақтарға сұрақтар қойылып, пікіп-талас ұйымдастырылды.

Кейін қарай