23 Шілде, 2024
366
Петропавл қаласында Сабантуйдің мерекесі өтті
Петропавл қаласының орталық алаңында «Дуслык» облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығының 35-жылдығына арналған Сабантуй татар-башқұрт мерекесі өтті.
Мерекеге өңірдің тұрғындары мен қонақтары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен белсенділері, Татарстан Республикасының Қазан қаласынан келген әртістер қатысты.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысының м. а. Болат Базарбаев барлығын мерекемен құттықтап, Отанымыз - Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін амандық, бейбітшілік және шығармашылық табыс тіледі!
Сонымен қатар, облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің төрағалары татар-башқұрт орталығын мерейтойымен құттықтап, өз орталықтарынан шығармашылық нөмірлер сыйлады. Өз кезегінде, «Дуслык» облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығының төрағасы Наиль Абраев орталықтың белсенділері мен серіктестеріне белсенді азаматтық ұстанымы, ұлттық дәстүрлер мен мәдениетті сақтауға және насихаттауға ұмтылысы, «Сабантуй 2024» отыз бес жылдық мерейтойлық мерекесін ұйымдастыруға қатысқаны үшін бірқатар алғыс хаттар табыс етті.
Бағдарламада тақырыптық көрмелер, тәттілер, конкурстар, дәстүрлі ойындар мен жарыстар болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23