10 Шілде, 2015
2142
«Петропавл қаласының әйгілі адамдары »
12 шілде - Петропавл қаласының туған күні, солтүстікқазақстандықтар үшін бұл маңызды күн болып саналады.
12 шілде - Петропавл қаласының туған күні, солтүстік қазақстандықтар үшін бұл маңызды күн болып саналады.
3 ғасырлық тарихы бар шаһардың тойы дәстүрге сай думанға толы болды. Бұл күні тұрғындар мен қала қонақтарына мерекелік қызықты бағдарлама ұсынылды. Атап айтсақ, «Петропавл мәңгі жүрегімде» атты салтанатты концерт, «Жер бетіндегі ең керемет қала» атты музыкалық калейдоскоп, «Қаламның тарихы» көрмесі, сол күні туғандардың шеруі, ретро би кеші, мерекелік от шашу және т.б.
Петропавл қаласының әкімі М. Тасмағанбетов: «Бүгін біз үшін ерекше мәні бар күн. Біз Петропавл қаласының туған күнін атап өтудеміз. Біздің өңіріміздің басты байлығы – халқымыз. Олар өте еңбекқор, қайсар, талантты, дарынды және адал жандар. Баршаңызға адал жұмыстарыңыз, қолдауларыңыз, төзімділіктеріңіз үшін рақмет айтқым келеді.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ерік Сұлтановтың қолдауымен қаламызда жаңа ғимараттар, тұрғын шағынаудандар салынып, сонымен қатар, қаламыздың дамуына үлес қосатын жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда» - деді.
Петропавл күні қарсаңында 10 шілде «Русская община Казахстана» және «Братство сибирских казаков» қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының конференц-залында «Выдающиеся люди нашего города» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – туған өлкеміздің тарихы мен мәдениетін білу, Петропавл қаласының дамуы мен гүлденуіне үлес қосқан азаматтар жайында «еркін әңгіме» ұйымдастыру.
Осы өңірде туып-өскен Сәбит Мұқанов, Мағжан Жұмабаев, Владимир Гачинский, Мәжит Дәулетбаев, Нури Арсланов, Александр Винокуров сияқты танымал тұлғалардың есімдерін кім білмейді? Бұлардың барлығы Петропавловск қаласының тарихында өз ізін қалдырған, оның дамуына үлес қосқан тұлғалар. Жыл сайын, облыс орталығының туған күнін атап өтуге арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияларда олардың есімдері аталып, істері жастарға үлгі ретінде ұсынылады. Өйткені тап қазіргі кезде жастар арасында патриотизмді, туған елге деген сүйіспеншілікті, ұрапақтар сабақтастығын тәрбиелеу – өзекті мәселелердің бірі.
Конференцияда қаламыздың мәдениетін, тарихын, тұрмысын жетік білетін тұлғалар сөз алды.
Олардың ішінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайының әдебиет бөлімінің қызметкері Матвеева Ирина Алексеевна П.П. Ершовтың 200-жылдығына арналған «Рожденный в недрах непогоды» атты баяндама оқыды; бейнелеу өнері мұражайының қызметкері Воробьева Валентина Петровна көпес Юзефович және және оның мұражайы туралы әңгімеледі; «Арыс» баспа қорының өкілі, тарихшы, өлкетанушы Дүйсенов Серік Атығайұлы Лаврентия Шкребитненконың телефон желілерін тұрғызу мен дамуына қосқан үлесі туралы сөз сөйледі; Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, режиссер Шалаев Виктор Григорьевич театр мәдениетінің басталуы туралы баяндады.
Санкт-Петербург қаласының тұрғыны, медицина ғылымдарының докторы, геронтология саласымен айналысатын Морозов Михаил Андреевич конференцяның құрметті қонағы болды.
Михаил Андреевич жас кезінде, яғни 8 жыл Петропавл қаласында тұрған. Сол кездегі естеліктерін, Петропавл қаласының тарихын «Петропавловск в дореволюционных источниках» (1991 г.), «Петропавловск – северные ворота Казахстана» (1993 г.), «Петропавловск в иллюстрациях и информациях» (2002 г.) және т.б. шығармаларында баяндаған.
М.Морозов өз сөзінде Петропавл қаласының дамуына дәрігерлердің де қосқан үлестері туралы айтты.
Конференция мазмұнды және танымды өтті. Барлық қатысушылар, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жергілікті атқарушы органдарының өкілдері және өлкетанушылар, мәдениет, ғылым саласының қызметкерлері, сонымен қатар жастар өткізілген конференциядан мол әсер алды.
Конференция соңында «Русская община Казахстана» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Авдеев Николай Алексеевич қатысушыларды Петропавл қаласының туған күнімен құттықтап: «Біздің ортақ үйіміз Қазақстанның шаңырағы биік, керегесі берік, босағасынан ырыс-дәулет кетпесін» - деген тілегін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
Павлодар қаласының 6679 гвардиялық әскери бөлімінде биылғы жылғы жаңа шақыру
-
Талдықорған қаласының Достық үйінде «Менің шежірем» атты облыстық байқауы өтті
-
Петропавлда Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Рашида Давлеткильдееваны еске алды
-
Қостанайлық белгілі ақын Санкт-Петербург қаласының зиялы қауымымен кездесті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
Павлодар қаласының 6679 гвардиялық әскери бөлімінде биылғы жылғы жаңа шақыру
-
Талдықорған қаласының Достық үйінде «Менің шежірем» атты облыстық байқауы өтті
-
Петропавлда Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Рашида Давлеткильдееваны еске алды
-
Қостанайлық белгілі ақын Санкт-Петербург қаласының зиялы қауымымен кездесті