15 Ақпан, 2022
651
Петропавлда ауған ардагерлеріне арналған концерттік шара өтті
Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына арналған мереке қарсаңында Петропавл қаласының Достық үйінде «Ауған жалынында: 9 жыл 51 күн» атты Ауғанстандағы соғысқа қатысушы ардагерлермен кездесу өтті.
Алдымен «Жас Сарбаз» жастар клубының және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауғанстан және оқшау соғыстар ардагерлері кеңесінің жұмыстарының фотоэкспозициясы ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі бөлімінде «Қазақстанның Орыс қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Солтүстік Қазақстан филиалының төрағасы Николай Авдеев, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері кеңесінің төрағасы Эрик Таттыбаев, Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі, подполковник Ерлан Хамитов, СҚО ҚХА хатшылығы - этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы Бағдад Мұқанова сөз сөйлеп, ыстық лебіздерін білдірді.
Ресми бөлімнен кейін іс-шара қонақтарына сыйлық ретінде Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының әртістері мен шығармашылық ұжымдарының концерттік нөмірлері ұсынылды. Әрбір сөз сөйлеуші қарт жауынгерлерге жүрекжарды алғысын білдіріп, шексіз құрмет көрсетуге тырысты. Кездесу соңында Мұса Сұлтановтың орындауындағы «Салам, бача!» әні сүйемелімен барлық «ауған ардагерлеріне» гүл шоқтары табысталды.
Шара қонақтары ұйымдастырушыларға ерекше алғысын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
6 Қыркүйек, 11:28
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті