06 Қараша, 2018
1515
Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XV Форумы өтеді
Қараша айының 9-да Петропавлда Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XV Форумы өтеді.
Оған екі ел Президенттері қатысады. Форум тақырыбы - «Қазақстан мен Ресейдің туризмін дамытудағы жаңа тәсілдер мен үрдістер».
Алдағы іс-шараның негізгі мақсаты Қазақстан мен Ресей арасындағы туристік саладағы өзара іс-қимылды кеңейту, оның ішінде, екі елдің іскер топтары мен мемлекеттік құрылымдары арасындағы кооперациялық байланыстарды тереңдету арқылы туризмнің әртүрлерін дамыту және алға жылжытудың озық тәжірибесімен алмасу, туристік индустрияға өзара инвестициялардың келуін ынталандыру болып табылады.
Форум аясында Қазақстан-Ресей іскерлік кеңесінің отырысы, Қазақстан-Ресей туристік көрмесі, пленарлық отырыс, сондай-ақ үкіметаралық, өңіраралық және коммерциялық бағыттағы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған.
Маңызды шараға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мәселен, шаһардағы әмбебап теннис орталығы алдағы уақытта алып көрме алаңына айналатын болады. «Қазақстан мен Ресей: әріптестер диалогы». Петропавлда өтетін екі ел арасындағы өңірлік ынтымақтастық форумына орайластырылған көрме дәл осылай аталады.
Жалпы айта кету қажет, форумға қатысу үшін екі мыңнан астам адам ғаламтор арқылы тіркелген.
Іс-шараға сонымен қатар министрліктер мен ведомстволардың жетекшілері, Қазақстан мен Ресей өңірлерінің басшылары, туризм саласындағы бизнес өкілдері қатысады деп күтілуде.
Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өңіраралық форумдары 2003 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Он бес жылдық тарихында Форум екі ел арасындағы саяси және экономикалық өзара іс-қимылдың маңызды институты ретінде қалыптасып, өзін тиімді мемлекетаралық алаң ретінде таныта білді.
Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас ресми түрде 1992 жылдың 22 қазанында басталды. Ең алғашқы форум 2003 жылы Омбы қаласында өтті.
Дата события ассамблеи: 06.11.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37