27 Тамыз, 2021
467
Петропавлда Конституция күніне орай қала тұрғындары сауалнамаға қатысты
Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында Петропавл қаласындағы Достық үйінің белсенділері, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің өкілдерімен бірлесіп петропавлдықтарға сауалнама жүргізді. Сауалнама барысында еліміздің негізгі Заңының нормаларын білуге мемлекеттік және орыс тілдерінде сұрақтар ұсынылған болатын.
Сауалнамаға облыс орталығының тұрғындары барынша белсенді қатысты. Петропавлдықтар дұрыс жауаптары үшін ҚХА белгішелерін, автоқалам және мемлекеттік рәміздері бар шоколад, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер туралы ақпараты бар буклеттер және т.б. шағын сыйлықтар алды.
Аталмыш сауалнамаға зейнеткерлерден бастап мектеп оқушыларына дейін белсене атсалысты.
Департамент қызметкерлері Гүлнұр Тұңғатова, Альфия Кәкібаева және Людмила Алексеева Солтүстік Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара әрекеттесудегі алғашқы тәжірибесі екенін атап өтті. Құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің жетекші маманы Г.Тұңғатова: «Біз күн сайын нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс жасаймыз, олардың негізі әрқашан еліміздің Ата Заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне енгізілген. Тұрғындардың Конституция туралы жақсы білетіндері бізді таң қалдырды. Жоғары құқықтық мәдениет еліміздің дамуына және алға жылжуына ықпал етеді».
Сауалнама карантин талаптарына сай өткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді