02 Шілде, 2019
4527
Петропавлда СҚО ҚХА XXIV сессиясы өтті
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» атты XXIV сессиясы өтті.
Облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Құмар Ақсақалов құттықтау сөз сөйлеп, «Ассамблея барлық этностардың өкілдері үшін тиімді диалог алаңын көрсете отырып, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының жолға қойылған тетігі болып табылады», - деп атап өтті.
Сессия шеңберінде спикерлер қатысушылар назарына қызықты баяндамалар ұсынды. Олардың арасында жастар мен СҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері де бар. Мазмұнды сөз сөйлеулер бірегей институт - Ассамблеяны қаншалықты біріктіріп, жаңа мүмкіндіктер беретіндігінің көп қырлылығын көрсетті. Бүгін барлық төрағалар, этномәдени бірлестіктердің белсенділері, жұртшылық өкілдері және облыстың басқа да құрылымдық бөлімшелері бір шаңырақ астында жиналды.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» атты XXIV сессиясы іс-шараны өткізудің жаңа форматымен ерекшеленді. Концерттік бағдарлама мен әртістердің әсем киімдері көрермендерге халық шығармашылығының сан түрлілігн паш етті.
Петропавл қаласының Оқушылар сарайының фойесінде қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылды. Сессияның ресми бөлігінің соңында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері барлық қатысушыларға үндеу жолдады:
«Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері өңірдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту, сондай-ақ Қазақстан халқының мәдениетаралық әртүрлілігін сақтау бойынша өз жұмысын жалғастырмақ. Біз барлық қазақстандықтарды жаңғырту үдерісіне белсенді қосылуға, реформаларға қоғамдық қолдау көрсетуге, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға жәрдемдесуге шақырамыз».
Әсем Жұмабекова
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті