
14 Қараша, 2016
777
Петропавлда «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы штабының жұмысы туралы
12 қарашадаҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Петропавл қаласының стансасына келіп тоқтады. Пойыз делегациясының құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам қайраткерлері, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері және т.б.
Делегацияның жұмысы Достық үйінде Қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық қабылдауынан басталды. Кездесуде қонақтармен бірге Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қоғамдық келісім кеңесінің, облыстық прокуратураның, қала мен аудан әкімдіктерінің өкілдері болды.
Пойыз штабының жетекшісі Әміржан Альпеисов мәжілісті ашты:
«Біздің акциямыз Астана қаласынан бастау алып, осы уақыт аралығында біз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарын жүріп өттік.Осы кезеңде біз 18000 мың адамды қамтыдық, соның ішінде 3500 азаматқа медициналық жәрдем берілді.Біздің делегация құрамында 270 адам бар, соның 70-і дәрігер. Біз аймақтың аудандарына көмек көрсетуге және кеңес беруге тар салалық дәрігерлерді аттандырдық.Ауыл шаруашылығына, тұрғын-үй мәселелеріне, жұмысқа орналасуға қатысты өте көп сұрақтар түсті.Бүгінгі күні бұл аспектілер біздің құзырымызда болмауы себепті 2-3 мәселе шешімін таппады. Осылайша, азаматтық ұстаным қалыптасады, өз бастмасымен мемлекеттік ауқымдағы мәселелерді шешетін жандар бар. Бұл нағыз патриоттылық»,- деді ол.
Әміржан Қайырұлы делегацияны таныстырды және алғашқы өтініш білдірген адамды қабылдады. Қоғамдық қабылдау бөлмесі шеңберінде 10 адам өз мәселелерімен бөлісіп, олардың шешімін таба алды. Осылайша, тұрғын-үй, әлеуметтік қорғау, мүлікті жөндеу және көркейту, білім беру жүйесінің әлсіз материалдық-техникалық жабдықталуы және т.б. қаралды.
Сондай-ақ іс-шара барысында медиация бойынша консультация жүргізілді. СҚО ҚХА кәсіби медиаторлары отбасылық, еңбек мәселелерін, кәсіпкерлік жөніндегі сұрақтарды қарастырды.
Ал этномәдени бірлестіктердің өкілдері, СҚО ҚХА жастар қанаты, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау салаларының өкілдері дәрістер өткізді. Дәріс тақырыптары: «Тәуелсіздік тарихы – Ұлт рухының өлшемі» - «История Независимости – индикатор духа Нации», «Мәңгілік Ел – Болашағы Біртұтас Ұлттың рухани негізі» - «Мәңгілік Ел - духовная основа Нации Единого Будущего», «Бейбітшілік және келісім үлгісі – Қазақстан бренді» «Модель мира и согласия – бренд Казахстана», «Казахстанская идентичность как фактор личной ответственности казахстанцев».
Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық кеңесінің мүшесі Қазыбек Қазкенов қызықты баяндама жасады. Даналар сөздерінен мысал келтіре отырып, әлемде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамауға шақырды.
«Әлем өзгерді, әлем өзгереді, алайда әлем өзгереді. Бірақ ең бастысы – ХХІ ғасыр үлкен жарылыс кезеңінен үлкен жаңғыру кезеңіне түседі.Бізді беймәлім, шұғыл баламалар күтуде және біз бұған дайындалуымыз керек»,-деді ол.
Дәрістер философия, дін, дүниені түсінушілік және патриоттық сезім тақырыптарына арналды.
Іс-шара соңында халықтың басты қазынасы кітап тапсырылды. Олар С. Мұқановат. кітапханаға табыс етілді.
«Тәуелсіз Қазақстан» акциясы барысында «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері әлеуметтік зерттеу жүргізді.
Оған мемлекеттік қызметкерлер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты. Зерттеу «face-to-face» әдісімен жүргізілді.
Ең есте қаларлық сәт «Мейірімділік керуені» науқаны аясындағы «Жақсылық Жаса»қайырымдылық іс-шарасы болды.
Ұйымдастырушылар «Қоғамдық келісім» КММ солтүстік қазақстан облысының қазақстан халқы ассамблеясы, Максим Касперовичтің шығармашылық шеберханасы мен іс-шара серіктестіктері. Қайырымдылық концерт алдында балаларға арнап аниматорлармен ойындар, хаски иттерімен суретке түсу, сабын көпіршіктері шоуы және қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Концертті «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Пириев Аскер бастады. Ол қайырымдылық акциясынан жиналған қаражат пен сыйлықтарды ота жасалатын Залогин Иван мен Артур Куриевтің ата-аналарына табыс етті.
Этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен іс-шара қатысушылар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының ұйымдастырушыларына алғыс айтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
«Ассамблея жастары» ұйымының көшбасшылары Душанбедегі Тәжікстан мен Қазақстан жастары форумының жұмысына қатысты
-
СҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Сыртқы істер министрлігінде «Ассамблея жастары» халықаралық жұмысы жөнінде жиын өтті
-
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
«Ассамблея жастары» ұйымының көшбасшылары Душанбедегі Тәжікстан мен Қазақстан жастары форумының жұмысына қатысты
-
СҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Сыртқы істер министрлігінде «Ассамблея жастары» халықаралық жұмысы жөнінде жиын өтті
-
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда